Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорданың ескі үйлері қашан жөнделеді?

  • AstanaTV
  • 20 тамыз 2020
  • 3845

Тозығы жеткен баспанада тұратын қызылордалықтар, үйінді астында қаламыз ба деп қауіптенеді. Арнамызға шағымданған тұрғындар, ескі ғимартты жөндеуге қалтамыз көтермейді дейді. Ол аздай жаз болса шаң жұтып, жаңбыр жауса батпаққа батамыз деп отыр. Олардың қала әкімдігіне де, пәтер иелері кооперативіне де өкпесі қара қазандай. Тараптарды тындап қайтқан аймақтағы әріптесімнің репортажы. 

Бұл баспана орталық алаңның іргесінде орналасқан. 60 жылы салынған ғимараттың, бүгінде сырт келбеті адам шошырлық күйге түскен. Тұрғындар жауын жауса төбеден су сорғалайды деп отыр. Іргетасы езіліп,  балкондары мүжіліп жатқан үйдің, жыл өткен сайын құтты қашқан.

Баян ОРАЗҚЫЗЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үйіміздің түрін өздеріңіз көріп тұрсыздар. Қайта жөндеуден өткізгіміз келген. Қыруар миллиондарды есептеп шығарды. Ол ақшаға үй салуға болады. Әкімшілікке арыз да жаздық, бірақ нәтиже жоқ. Ойын алаңы да барынан жоғы.

Бұл баспана ел аузында «әртістер үйі» аталып кеткен. Өйткені Кеңес заманында мәдениет саласында қызмет еткен сахна саңлақтарына арнайы салыныпты. Алайда бүгінде мұнда көше қаңғыбастары жиі қара көрсетіп, аулада солар «концерт» қоятын болған.

Ерлан БОРАНБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

КСК жұмыс істемейді. Бомыждар да жиналады, себебі ешкім келмейді қуыс болғаннан кейін.  Спокойно  да мына жақта камера жоқ. Я милиция келмейді.

Мөлдір ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Үй ауласының бүгінгі сыйқы осы. Шаңы аспанға көтеріліп жатыр. Ал электр сымдары қураған ағаш бұтақтарына  ілініп қалған. Жандарын шүберекке түйген тұрғындар дер кезінде әрекетке көшпесе, соңы өкінішті жағдаймен аяқталады ма деп қорқады.

Баспанаға жауапты «Шапағат» пәтер иелері кооперативі болса, алғашында өзіне шаң жуытпады. Кейін райынан қайтып уәдені үйіп-төкті.

Құрбанкүл ШАХАНОВА, «ШАПАҒАТ» ПИК ТӨРАЙЫМЫ:

Самый тяжелый дом. Инженерный, септик крышада болған соң. Сосын жоғарыдан түскен соң давление де болмайды, су да болмайды. Что положено біз оны істейміз.


Бұл көпқабатты үйдің мәселесінен әкімдіктегілер де хабардар. Олар түйткілдің түйінін шешу пәтер иелері кооперативінің жұмысына тікелей байланысты екенін жеткізді.

Елмұрат РАХМАТУЛЛАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Әр тұрғын  өзінің КСК-на көңілі толмаған жағдайда басым бөлік дауыс жинаған жағдайда ол КСК-дан басқа КАК-ға ауысуға толық мүмкіндіктері бар. АСИ деген программа ашылып жатыр. Ол жерде тұрғындар ортақ шот ашады. Келісілген мөлшерде қаражатты аударып отырады. Белсенді мүше сол үйдің тұрғындарының келісімімен бағыттайтын болады. 

Жергілікті билік үйді жөндемейтіндерін ашық айтты. Сондықтан тұрғындар өз қалталарынан ақша шығарып кем-кетікті жөндеуден басқа амал жоқ деді. Ал ауланы толық қалпына келтіру мәселесін келесі жылғы жоспарға енгізіпті.

М. Тоқтасынқызы