Русский Сайттың толық нұсқасы

Латынша таңбалаудың тағы екі алфавиттік нұсқасын халық талқысына шығару ұсынылды

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2017
  • 3780

Қазақ тілінің латын графикасында таңбалануы - жаңа дәуірге жол ашады. Қазақ тілі де одан әрі дами түспек. «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы мен «Мирас» аймақтық кеңесінің мүшелері бүгін тіл мәселесін талқыға салған болатын.

Ондағылар парламентте ұсынылған латынша таңбалаудың кем дегенде тағы екі алфавиттік жобасы ресми түрде халық талқысына түскені дұрыс деп отыр. Ал олардың дыбысталуы мен дұрыс таңбалануын тіл мамандары екшеп, әр қайсысын дәлелдермен қарапайым жұрттың алдында түсіндіріп отыруы керек. Бұл латын әрпін қабылдаудың алғашқы сатысында істелетін негізгі жұмыстар болуы тиіс, дейді жиынға қатысушылар.

Хангелді Әбжанов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Бұл уақыттың талабы. Елбасы өз мақаласында да айтты, қазіргі сана прагматизммен суғарылсын деді, қазіргі сана ашық сана болсын деді. Міне соның бір ашық көрініс латынға көшу деп есептеймін. Себебі латын әрпінде әлемдік ақпарат, әлемдік тіл сөйлеп тұр. Ал біз одан тыс қалдық. Бар мәселе оны егжей-тегжейлі ойластырып, көрші елдердің тәжірибесін тереңнен игеріп, біз латынға көшу керекпіз.