Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет үшін, халық үшін ішкі партиялық іріктеу жаңа бастама, үлкен реформа, - Б.Байбек

  • AstanaTV
  • 20 тамыз 2020
  • 3293

Праймеризде дауыс беру кезінде үміткерлерге кедергі жасалса немесе бұрмалау фактілері анықталса, онда сол жердегі нәтиже мүлдем жойылады. "Nur Otan" партиясы жақтастарымен өткен кездесуде партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осылай деді. Аймақтармен онлайн түрде жүрген жиын кезінде Праймеризге қатысушы белсенділер Бауыржан Байбекке көптеген сұрақтар қойып тұщымды жауап алды. Партияішілік сайлау тақырыбын тілшіміз тарқатсын.

Партия жақтастары лигасымен өткен кездесуге әр өңір өкілі, тәуелсіз бірлестік мүшелері қатысты. "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен өткен жиынға барлығы 50-ге тарта белсенді келген. Көтерілген өткір мәселелер де аз емес. Денін, праймериз тақырыбы қызықтырды. Бюджеттен бөлінген миллиардтаған қаражаттың дұрыс жұмсалуы да осы жерде айтылды.

Ерлан САИРОВ, ҰҚСК МҮШЕСІ, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Нұр-Сұлтан қаласында 92 миллиард туралы бүкіл қоғам шулады ғой, бұл неге бөлінуі керек деп. Сол мәслихатта бір принципиальный депутат болатын болса айтар еді, күте тұрайық, келесі жылы істейік деп.

Праймериз, "Сөзден - іске көшу", керек деген белсенділерді іздейді. "Жүйеге өзгеріс керек", деп жүрген белсендінің бірі Әлия Садырбаева. Қарағандылық келіншек 2016 жылы партия қатарында болыпты. Бірақ кейнінен, "Бұл жерде формализім басым", деп қолыне бір сілтепті. Дегенмен праймериз бастамасы Әлия ханымды қызықтырды. "Тың идеяларды осы жоба арқылы іске асыруға болады", дейді.

Әлия САДЫРБАЕВА, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Әйелдер мен жастар үшін жағдай жасалып жатыр. Сондықтан праймеризге қатысуға өтініш бердім. Өзімді мысалға келтіре отырып, сыбайлас жемқорлықтан шаршап, әлеуметтік әділетсіздіктен көңілі қалған адамдарға қарапайым адам үшін депутат болу және бір нәрсені өзгерту мүмкін екенін көрсеткім келеді.

Праймериздің де негізгі көздегені осы. Әділдік, шынайылық және өзекті мәселерді дер кезінде көтеру. Сайлаудың әділ өтетініне нұротандықтар сенімді. Бауыржан Байбек мұны қадап айтты.

Бауыржан БАЙБЕК, NUR OTAN ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Елбасы  «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» атты бағдарламаны ұсынды. Праймеризді біз не үшін өткізіп жатырмыз? Ең бастысы дарынды, білімді, патриоттық сезімі жоғары азаматтарды әкелу. Қоғам үшін, мемлекет үшін, халық үшін ішкі партиялық іріктеу жаңа бастама, үлкен реформа.


Саяси ұйым парймеризі, бүгінгі күн талабына сай. Сондықтан да саяси науқанға жастар қызығушылығы басым.

Эльмар ХУСАИНОВ, КӘСІПКЕР:

"Nur Otan" партиясы бекіткен ережемен толық танысып шықтым. Қуантады, өйткені заманға сай дайындалғаны көрініп тұр. Сондықтан праймериз мықты деген азаматтарды іріктейді деген сенімдемін.

Бағдат ҚОЖАХМЕТОВ, ҚР ДСМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Праймериздің арқасында билікке жас азаматтар, қыздар арасынан ақылды, белсенділер келіп, билікті ішінен сапалы түрде өзгертеді екен ой бар, үміт бар.

Праймеризге, ниет білдіргендер көп. Оның екі мың кандидаты өз ниетімен қатысықандар.1,5 мыңнан аса белсенді қыз-келіншектер де бар. Жастар саны осы күнде 1200-ге жуықтады. Саясатпен айналысқысы келген мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны - 50-ге тарта.Бұлардың әр қайсысы өз бағын сынап көреді. Мақсаттары ұқсас. Қоғамға маңызды мәселелерді көтеріп, тиімді шешімдер қабылдау.

Ә. Өмірзақ