Русский Сайттың толық нұсқасы

Араб Әмірліктеріне, мал табамын деп барып нан табалмай қайтты

  • AstanaTV
  • 21 тамыз 2020
  • 4400

Шымкенттік бір топ азамат, Біріккен Араб Әміррліктеріне мал табамын деп барып- нан таба алмай қатыпты. Оған, олар арабтарды емес, жергілікті туристік компанияны айыптап отыр. Келісілген ақшаға қажетті жағдай жасалмаған және уәде етілген жұмыс берілмепті. Сөйтіп әр қайсысы 2,5 мың АҚШ долларынан қағылған.

Виктор ТКАЛИЧ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Туристік фирма шетелде қызмет көрсету саласы бойынша бес түрлі жұмыс бар деді. Жалақысы 1,5 мың доллар, жатын орыны мен тамағы тегін, деді. 1 200 доллар мен 85 мың теңгені санап бердім. Ақпанның 6-сы үш адам ұшып бардық. Артынан тағы төрт жігіт келді. Бірақ не жұмыс жоқ, не ас жоқ. Екі ай бос жатып қайтты.


ГҮЛЧЕХРА САИДОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл саған Корея емес, бұл Дубай.  Дубайда 28 күн ішінде табамыз жұмысты, гарантия»,-, деді. Гарантия қағаз жазып бересіз ба десек, жоқ деді. Мен ауызша айтып жатырмын, "Ондай еш жерде жазып бермейді»- деп айтқан тұғын. Біз келісіп, ақшаларын беріп, мен март айында ұшып кеткенбіз. Ол жақа барып төрт күн Роял гостиницада тұрғанмын.

Ал туристік фирманың заңды өкілі ешкімді алдағанымыз жоқ деп отыр. Фирма, өзіне жүктелген міндетті келісім-шартқа сай толық орындапты.

Зухра АРЗИЕВА, ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛІ:

Ресми түрде жұмысқа орналастыратын құзыретіміз жоқ. Мен заңды жақсы білемін. Ал, "Жұмысқа тұруға жәрдемдесу", деген мүлдем бөлек. Біз оларға жұмыс табуға көмектесеміз дедік. Менің ұлым оны Әмірлікте бірнеше жерге жұмысқа апарған. Ол ешқайсысын жаратпапты. Кейіннен, Виктор деген азамат "машина сатумен айналысамын" деп кеткен. Келісілген 28 күн ішінде елге қайтпай, сәуірдің ортасына дейін жүріп алған өзі. Мейлі, арыздана берсін. Менің құжаттарым түгел. Бәрі заңды.


Дәл осы фирмаға "Алдандық", деген жеті азамат бар. Бірақ олар әлде қайда көп болуы мүмкін, дейді арнамызға шағымданғандар. Тақырға отырғандардың алды полицияға арызданды. 

А. Төребекқызы