Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс өңірінде соңғы айда 3 бала құдыққа түсіп мерт болды

  • AstanaTV
  • 24 тамыз 2020
  • 2322

Беті ашық қалған құдық тағы қауіп төндіре бастады. Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданында  4 жастағы қыз бала құдыққа құлап, мерт болды. Бүлдіршін 2,5 метрлік тереңдікке түсіп кеткен. Оның денесін  ауыл тұрғындары 10 минутта алып шыққан. Бұл Жаңақала ауданында соңғы бір айда тіркелген екінші қайғылы жағдай. Өткен аптада ғана Жаңақазан кентінде де үйдің ауласындағы шұнқырға 1 және 3 жастағы балалалар құлап, жазым болған еді. Ашық қалған құдыққа қатысты қайғылы оқиғаның жиілеп кетуіне байланысты төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады. Ата-аналар балаларына мұқият болуы керек, дейді құтқарушылар.

Ақылбек АХМЕТЖАНОВ, БҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Екі жастағы, үш жастағы, төрт жастағы балалар бар. Әсіресе ойын балалары қауіп төніп тұратынын білмейді. Сондықтан ата-аналар, ересектер мына маңайларыңыздағы құдық, септик болсын, соның ашық қалмауын қарастыруларыңызды сұраймыз.

Ал, Бөкей ордасы ауданында тепсе темір үзетін жігіт селфидің құрбаны болды. Ол, ауыл іргесіндегі су қоймасында суретке түсемін деп, суға батып кетіпті. Келтірілген деректерге қарағанда өзеннің суы әдетте тізеден аспайды. Алайда, селфишіл бозбаланың мәйіті 3 метрлік тереңдіктен табылыпты. Су қоймасындағы адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Е. Карин