Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде көп балалы аналар облыс әкімінің шығуын талап етті

  • AstanaTV
  • 24 тамыз 2020
  • 2844

Ақтөбеде көп балалы аналар облыс әкімдігіне баса көктеп барды. Олар аймақ басшысы Ондасын Оразалиннің сыртқа шығуын талап етті.

Бірақ қанша айқайласа да әкім қара көрсетпеді. Оның орынбасары мен білім басқармасының басшысы шықты. Олар жиналғандардың талаптарын тындады. Ата-аналар көп балалы отбасына бір ноутбук тегін берілсін дейді. Айтуларынша мектептен компьютер берілген, оны құжатқа қол қою арқылы өз жауапкершіліктеріне алған. Бірақ техниканы бүлдіріп, не сындырып алсақ қомақты қаржы төлеп әлек боламыз ба деп қорқатындарын жеткізді.

Гүлзинат ӘУЕЗОВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Мектептен бізге компьютер берілді. Сол қалпы тапсырамыз деп арыз жазып кеттік. Неге үш баланың біреуіне мектептен тегін компьютер немесе ноутбук берілмейді. Сабақ кезінде балалар ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отырды. Қазіргі кезде неге ыстық тамақтың ақшасын шоттарына салмайды.

Жалпы аймақтағы оқушылардың 12 мыңнан астамына компьютер таратылған. Жергілікті атқамінерлер 10-шы қыркүйекте тағы да оқуға қажетті техникалар келетінін айтты. Бірақ ешқайсысы, қайтарымсыз, әрі тегін берілмейді деп ескертті.

Ләззат ОРАЗБАЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ол компьютер мектеп мүлкі уақытша пайдалану үшін берілетін мүлік. Сондықтан ол ата-анаға актіленіп берілу керек. Бұзылып қалған жағдайда мектеп программисттері бар. Жөндеу жақтарын қарастырады. Бұл мектептің мүлкі кейін мектепке қайтарылатын болады.

Б. Рақметова