Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысуға бір апта ішінде 7 мыңнан астам үміткерден өтініш келіп түскен

  • AstanaTV
  • 24 тамыз 2020
  • 1969

«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысуға бір апта ішінде 7 мыңнан астам үміткерден өтініш келіп түскен. 6259 адам кандидат ретінде тіркеліпті.  Олардың 2517-сі– әйел, оның ішінде 133-і –  көп балалы ана. 1782 кандидат – 35 жасқа дейінгі жастар, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі 63 азамат сайлауға түсуге ниет білдіріп отыр. Бастауыш партия ұйымдары арқылы 2533 адам ұсынылса, 4866 кандидат – өзін-өзі ұсынған. Жалпы сайлауға түскендер саны бойынша Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр. Мұнда 800-ден астам адам праймеризге қатысуға ниетті. 

А. Данияр