Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда тергеушіден жауап алынуда

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2020
  • 4246

Атырауда шақалақты тоңазтқышқа салып өлтірді деген күдікті-дәрігерлерге қатысты сот, бүгін офлайн өтті. Отырысқа бұрыңғы дәрігерлер абақтыдан кісенмен әкелінді. Сот аты-шулы істі тергеген тергеушілен куәгер ретінде жауап алды. Карантинен кейін сот залында өткен процестен оралған әріптесім Базаргүл Нәдірқызының репортажы.

Қоғамда резонанс тудырған бұл оқиғаға қатысты сот биыл мамыр айында басталған болатын. Айыпталушы орындығында 3 дәрігер отыр. Тағы біреуі өзі келді. Басты айыпталушы перинаталдық орталықтың экс-басшысы Қуаныш Нысанбаев. Ол ысылып қалған, алайда өзіне сенімді әрі тым белсенді. Сот бойы Қылмыстық Кодекстің 99 бабына қатысты айыптың не үшін тағылғанын сұраумен болды.

Қуаныш НЫСАНБАЕВ, СОТТАЛУШЫ:

 
Қылмыстық істі қарасаңыз, 30ы күні кешкі сағат 6 қателеспесем, 99-бап бойынша жауапталғам. Одан кейін маған бір де бір рет болсын тергеуші келген жоқ. Менен ешқандай жауаптау алған жоқ. Мен бұл кісілерге жаздым: «Менен неге жауаптау алмайсыңдар, неге беттестірмей жатсыздар  куәгерлермен?»

Сот барысында аты шулы істі тергеген тергеушіден куәгер ретінде жауап алынды. Оны басты айыпталушы Қуаныш Нысанбаев пен оның адвокаты сұрақтың астына алды. Тергеушінің айтуынша экс-дәрігер әу-баста өздеріне жауап беруден бас тартқан.

Мейрамбек СИПУЛЛАЕВ, КУӘГЕР – АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ СЖҚІҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ:

Бұл кісіден өтініш қылмыстық іс аяқталған уақытта кеп түскен.  +Ол кісі бас тартты енді. Өзінің құқығы күдікті ретінде жауап беруден бас тарта алады. Жауап беруден бас тартқан кісіні біз барып мәжбүрлей алмаймыз.

Бұған бұрын хабарлағанымыздай перинаталдық орталықтың 35 жастағы экс-басшысы Қылмыстық Кодекстің 8 бірдей бабымен айыпталып отыр. Атап айтар болсам адам өлтіру, бюджет қаржысын талан-таражға салу, пара беру, пара алу, қызмет бабын асыра пайдалану. Онымен бірге 4 әріптестеріне де түрлі айыптар тағылған.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
 
Естеріңізге салайық, елді дүрліктірген оқиға өткен жылдың қыркүйегінде жалпақ жұртқа жария болды. 45 томнан тұратын қылмыстық істің сотта қаралып жатқанына 3 айдан асып барады. Қылмыстық іс бойынша 162 куәгер бар.
  
Б. Нәдірқызы