Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та афроамерикалық азаматқа оқ атты: ереуіл қайта өршіді

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2020
  • 1924

АҚШ-та нәсілшілдікке қарсы ереуілдер қайта өршіді. Оған полицейлердің афроамерикалыққа оқ атуы себеп болды.

Оқиға АҚШ-тың ВискОнсин штатында болған. Полицейлер оқ атқан 29 жастағы Жейкоб Блейк қазір ауыр хәлде ауруханада жатыр. Жергілікті БАҚ өкілдері, жараланған жігіт көшеде жанжалдасқан екі әйелді ажыратпақ болғанын жазады. Кейін оқиға орнына тәртіп сақшылары келген соң, ол көлігіне беттеген. Сол сәтті полицейлердің бірі арқасына 7-рет оқ атқан. Зардап шеккен азаматтың жұбайы бұл сәтте көлік ішінде балалары да болғанын айтады.

Лакиша БУКЕР, Ж.БЛЕЙКТІҢ ЖҰБАЙЫ:

Мен оларға көлікте балалар барын айтып, сыртқа шығарайын дедім. Бірақ "тапжылмай отыр" деп ұрысты. Кейін бір емес бірнеше рет оқ атты. Бұдан кейін де көлікте отырған балаларымды шығармады.

Бұл оқиғадан кейін наразы халық көшеге шығып, көліктерді өртеп, тәртіп сақшыларына "Молотов коктейілін" лақтырды. Тәртіпсіздік жайлаған соң қалада комменданттық сағат енгізіліп, ұлттық гвардия кіргізілді. Ал, оқ атқан полицей жұмыстан шеттеліп, оның әрекеттері тергеуге алынды. Еске сала кетейік, бұған дейін да қара нәсілді азамат Жордж Флойдтың өлімінен кейін, АҚШ-та жаппай митингілер басталып, тіпті Еуропа елдерінде де жалғасқан еді.

Ә. Өмірзақ