Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда нанды лас гараждың ішінде дайындаған

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2020
  • 3838

Атырауда адам шошырлық лас жағдайда жұмыс істеп келген жасырын кондитерлік цех әшкере болды. Оңай олжа таппақ болғандар көлік қоятын гаражды пайдаланған.

Қанша уақыт бойы тазаланбаған ыдыс-аяқтар, шашылған тәттілер, әр жерде жатқан қап-қап ұн. Қызметкерлерден де тазалық байқалмайды. Цех иесі бастапқыда түсірілім тобына қарсылық танытты. Кейін кінәсін мойындады. Айтуынша соңғы екі ай бойы тәтті нан-тоқаш өнімдерін қала дүкендеріне таратып келген. Дейтұрғанмен қазір оның кәсіпкер ретінде ресми тіркеуде бар-жоғы, жұмысшыларының санитарлық кітапшалары тексерілуде.

Ернар ӘБУЛХАЙЫРОВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ТАУАРЛАР ЖӘНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Өздеріңіз көріп отырғандай,  барлық қызметкерлері  униформа пайдаланбай  жұмыстарын атқаруда.+Қазіргі жағдайда бұл кісілердің жеке басын анықтаудамыз. Соған байланысты «Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы» Кодекстің 425-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Б. Нәдірқызы