Русский Сайттың толық нұсқасы

Праймеризге қатысуға өтініш берушілер саны 9 мыңнан асты

  • AstanaTV
  • 26 тамыз 2020
  • 2576

«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысуға өтініш берушілер саны 9 мыңнан асты. Соның сегіз мыңы кандидат ретінде тіркелді. 34,7 пайызы – қыз-келішектер болса, 26 пайыздан астамы жасы 35-ке толмаған белсенділер. Бастауыш партия ұйымдары атынан үш мыңға жуық  адам ұсынылса, алты мың екі жүз елу сегіз кандидат өзін-өзі ұсынған. Жалпы сайлауға түскендер саны бойынша Алматы облысы көш бастап тұр. Мұнда 1013 адам праймеризге қатысуға өтініш берді. Оның 825-і кандидат ретінде тіркелді.

А. Мүтәлі