Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтандағы көшенің жөндеу жұмысы тұралап қалған

  • AstanaTV
  • 27 тамыз 2020
  • 4501

Міне қараңыздар, мынау - Қызыл су көшесі. Мынаны қараңыз, қазғандарына екі ай болды. Әне істеуміз, міне істейміз деп жүргендеріне екі ай болды. Уже үшінші айға кетіп бара жатыр. Міне жаңбыр жауды көріп тұрғандарыңыздар балота.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Бұл елордадағы Қызыл су көшесінің қазіргі жайы. Редакциямызға шағымданған тұрғын, сап-сау жолымызды жөндейміз деп мамыр айында қазып кетті дейді. Бірақ жұмыс аяқсыз қалған. Жедел-жәрдем шақыруда мұң болған. Төтенше жағдай болса ешкім көмекке келе алмайтыны тұрғындарды алаңдатып отыр. Қоңырау шалған көрерменнің шағымына құлақ түрейік.

Қарлығаш, САРЫАРҚА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Асфальт жасаймыз деп жерді трактормен қазып, ойып тастаған. Енді көшемізде жол жоқ. Жолдың шетімен жүреміз. Үйде ауру әжеміз бар. Ауырып қалса мен жедел жәрдем де шақыра алмаймын. Септигіміз уже сыртқа шығып жатыр. Машина кіре алмайды мүлдем. Кімнен көмек сұраймыз енді, кім істейді? Субподрядчик деп Азамат деген баланың номерін берген, ол Азамат телефонын алмайды.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы мәселе бойынша Нұр-Сұлтан қаласының атқамінерлеріне хабарластық. Қазір бізбен тікелей байланыста Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Руслан Абдуалиев бар екен. Руслан Өмірбекұлы, қайырлы кеш. Мәселені естідіңіз, неліктен жауаптылар шаруаны аяғына дейін жеткізбеді?

Руслан АБДУАЛИЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Кеш жарық! Иә, бүгінгі күні мынау Сарыарқа ауданына қарасты Қызыл су көшесіндегі құрылыс-монтаж жұмыстары Нұр-Сұлтан қаласының көшелерін орташа жөндеу аясындағы ағымымдағы жылдың шілде айының ортасында басталған болатын. Бірақ бүгінгі күні жаңағы қиыршық тастан іргетас салу бойынша жұмыстар жасалып дайын тұр. Бұл көшедегі жұмыстар ауа райының қолайсыздығына байланысты, жаңбырдың салдарынан тоқтатылды.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Бұл жөндеу жұмыстары қанша уақытқа дейін жалғасады? Жолды қашан аяқтап, тапсырасыздар?

Руслан АБДУАЛИЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ КӨЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жоспар бойынша, бізде қыркүйек айының 15-нші жұлдызына қарай  ол көшені аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет, Руслан Өмірбекұлы. Қызыл су көшесі тұрғындарының мәселесін біз өз бақылауымызға алатын боламыз. Қымбатты көрермен, "Телерепортер" айдары қайта іске қосылды. Сіздің де өзекті мәселеңіз болса, хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге жауабын іздейміз.  

А. Данияр