Русский Сайттың толық нұсқасы

Навальныйдың "новичоктан" улануы Ресей нарығына әсер етті

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2020
  • 2556

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный "новичокпен" уланған. Германия Қарулы күштерінің арнайы зертханасы осындай қорытынды шығарды. Үкімет, "Жарияланған нәтижеге күмәніміз жоқ", деді. Бұл ақпаратқа Еуропаның өзге елдері де елең етті. Батыс басшылары Ресейді тағы санкцияның астына алуы мүмкін.

Ресейлік "новичок" уы халықаралық саясатта тағы дау тудырды. Германия, Навальныйдың улануына байланысты нәтижені бүкіл Еуроодақ пен НАТО мүшелеріне жарияламақ. Сарапшылардың пікірінше, Батыс енді Кремльге қарсы санкциялар қолдануы мүмкін. Бұл бастамада Еуроодақты АҚШ-та қолдайтын сияқты.

Джон ЭЛИОТ, АҚШ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:


Біз одақтастарымыз бен халықаралық қауымдастықты қолдаймыз.  Ресейдегі айыптылар жазалануы керек. Қатыгездік жайылып кетпес үшін, біз олардың қаржы көздеріне тосқауыл қоюуымыз керек.

Батыс елдері бекер алаңдап отырған жоқ. Олар, мұның алдында "уланып" өлгендерді еске алды. Дені, тіл қатпай кеткен. Кремльдің "қаһарына ұшырады" дегендердің арасында болгариялық кәсіпкер  Емельян Гебрев және Солсбериде қызымен бірге уланған Сергей Скрипаль бар. Еуропа елдері, Навальныйдың улануына қатысты тергеу жүру керек деген талап қойып отыр. Ал, ресми Мәскеу асығатын емес.

Джака БИЗИЛДЖ, CINEMA FOR PEACE ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Германия бір беткейлікті ұстануы керек. Ресей билігі, бұл диктатура емес екендігі және демократиялық құндылықтарды сыйлайтынын дәлелдеуі керек. Кремльдің дереу тергеу бастағаны жөн.

Ангела МЕРКЕЛЬ, ГФР КАНЦЛЕРІ:


Навальныйды ауызын жапқылары келді. Федералды Үкімет атынан мен бұл әрекетті айыптаймын. Ресей билігі түсінік береді деген үміттемін. Нақты сұрақтар бар. Оған тек Ресей Үкіметі жауап бере алады.


Ангела Меркель "новичок" уының тек Ресей арнайы күштерінде ғана бар екеніне меңзесе керек. Ол - химиялық қару санатына жатады. Алексей Навальныйдың дәл осы "новичоктан" улануы қаржы нарығына да әсер етті. Ресми ақпарат шыққан күні Ресей рублі құлдырап шыға келді. Бұл ТМД елдеріне де әсер етті. Нарығы Ресеймен біте-қайнап жатқан қазақ теңгесі де бүгін едәуір арзандады.

Д. Мұхаммедкәрім