Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттің жолдауда айтқан тапсырмаларын орындау үшін шамамен 2 триллион теңге жуық қаражат қажет

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2020
  • 2277

Президенттің Жолдауда айтқан тапсырмаларын орындау үшін шамамен 2 триллион теңге қажет. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мәлімдеді. Оның 300 млрды биылғы жоспарланған республикалық бюджеттен бөлінсе, қалған сома келесі жылғы қазынадан қарастырылған.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл қаржы бірінші кезекте, дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысын көтеруге, шағын және орта бизнес кредиттерін субсидиялауға жұмсалады. Осы қаражатқа сондай ақ республикалық маңызы бар жолдар жөнделіп "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы іске асырылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда көлеңкелі экономикаға қарсы жұмысты жетілдіру керектігін айтқан. Осы мақсатта Қазақстан жыл соңына дейін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен келісімге келмек.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Офшорлық юрисдикцияға ақша аударуға қатысты заңнама жетілдіріледі. Осы жылдың соңына дейін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерінің салық органдары арасында жеке және заңды тұлғалардың қаржылық шоттары туралы алғаш рет ақпарат алмасу жоспарланып отыр. Тиісінше, біздің елдің резиденттері бойынша алынған мағлұматтарға талдау жүргізіледі.

Ә. Өмірзақ