Русский Сайттың толық нұсқасы

Коронавирустан зардап шеккен дәрігерлерге өтемақы қыркүйектің 14-не дейін толық төленеді

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2020
  • 2253

Медицина қызметкерлеріне тиесілі өтемақы әлі толық өтелмеген. Күні бүгінге дейін індеттен 200-ге жуық ақ халатты көз жұмса, солардың 9-ның отбасына ғана тиісті жәрдем көрсетіліпті. Мұндай көңіл жүдететін статистика бүгін «Nur Otan» Партиялық бақылау комитетінің отырысында жарияланды. Үстемақы сондай ақ вирус жұқтырған дәрігерлерге де жетпей жатыр. Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев жағдайды дереу реттеу керек, дейді. Ол аймақтық партиялық бақылау комиссиялары бюрократия мен сөзбұйдаға салу фактілерін қарап, кінәлі партия мүшелерін қатаң жауапқа тарту керектігін айтты. Ал, жауапты мекемелер жедел әрекет етуі керек.

Павел КАЗАНЦЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл бұрын неге жасалмаған? Техникалық жағынан қиындық туды ма? Әлде енді ғана қолға алынды ма? Қарапайым нәрсе ғой. Excel-дегі бірнеше кестені бір жерге жинау кез келген студенттің қолынан келеді!  Бұл не қасарысу ма әлде бейқамдық па?


Отырыс соңында партиялық бақылау комитеті денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованы және еңбек вице-министрі Ербол Оспановты сөгіс түріндегі партиялық жауапкершілікке тартуды ұсынды. Ал министрлік өкілдері өтемақы төлеу мәселесін қыркүйектің 14-не дейін шешетіндерін айтты.

Ғ.Өтемісов