Русский Сайттың толық нұсқасы

"Астана" университеті мен Білім және ғылым министрлігі екінші рет соттаспақ, - БҒМ

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2020
  • 2984

Оқу жылы басталғалы бір апта өтсе де, "Астана" университеті сабақты әлі бастамаған. Өйткені оқу орны бұған дайын болмады. Тіпті дәріс беретін оқытушылардың өзі жұмыстан кетіп жатыр. Арнамызға шағымданған студенттер осылай дейді. Олар Білім және ғылым министрлігіне хат жолдаған. Ал, тексеріске келген комиссия есік алдынан қайтты. Әріптесім Асылбек Данияр тақырыпты жалғастырады.

Халықаралық қатынастар мамандығының 4-курсында ақылы бөлімде оқитын Зарина Ахметова, болашағына алаңдаулы. Айтуынша, университетте ұстаздар жиі ауысады. Дипломдық жұмысына   бағыт-бағдар беретін оқытушы таппаған. Тіпті, сабақ әлі басталмады деп отыр. Айтуынша оқу ақысы жылына жарты миллион теңге. Алайда соған сай білім ала алмағанына қынжылады.

Зарина АХМЕТОВА, "АСТАНА" УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ІV КУРС СТУДЕНТІ:

Біз ешқандай мәлімет алған жоқпыз. Оқу басталады ма, басталмайды ма, жұмыс істейді ме, істемейді ме , университетте жабады ма, жаппайды ма ондай ешқандай мәлімет берген жоқ.

Дәл осындай күй кешкен студенттердің өтініші бойынша, оқу ордасына Білім және ғылым министрлігі тексеріспен келді. Министрлік тарапынан келген 6 сарапшыны да университет табалдырығынан әрі өткізбеді.  

Ғалымжан ЖҰМАШЕВ, ҚР БҒМ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Енді, біз министрлік осындай жауап алып жатсақ, мына жерде студенттер қандай жауап алады. Міне, министрліктің өкілдері келіп тұр университтің бірінші қабатында тұрғанымызға 2 жарым сағаттай болды.

"Астана" университетінің басшылығы орнынан табылмады. Жоғары оқу орнының заңгерімін деп таныстырған мына адам, ректордың Алматыға жұмыс сапарымен кеткен қысқа қайырды.

Ғалымжан ЖҰМАШЕВ, ҚР БҒМ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда құжатта бересіз бе десек, өтінішпен танысты, студенттердің шағымымен танысқаннан кейін "мен құжаттарды беруге құқығым" жоқ деп теріс бұрылып кетті. Әкімшілік хаттама толтырылатын болады деп ескерттік біз. Ескерткенге қарамастан теріс бұрылып кетті.   

Айта кетейін, университеттің бұлай министрлікке қарсы келу жағдайы бірінші рет емес. Тіпті, іс сотқа жетіп, оқу орнына айыппұлда  салынған болатын. Жоғары оқу орнының өкілі Алмас Халелов болса, студенттердің шағымы негізссіз дейді. Ол сабақ 10 қыркүйекте басталатынын жеткізді.

Алмас ХАЛЕЛОВ, "АСТАНА" УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

Пандемияға байланысты көп мұғалімдер ауырған, өкінішке орай 1 мұғалім қайтыс болған. Сол себепті қазір мұғалімдер көбісі жазылып, енді 10 қыркүйектен бастап жұмысына кіріседе.

Дейтұрғанмен министрлік студенттердің өтініші жерде қалмайтынын ескертті. Ведомство өкілі министрлік пен "Астана" университеті бір-бірінің үстінен сотқа арыз түсіргенін айтып қалды.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Енді 3000 студент білім алатын университеттің тағдыры не болмақ? Ол әзірге белгісіз. Белгілісі бүгін  жоғары оқу орнына 5 рет акт толтырылды. Егер де жағдай осылай жалғаса беретін болса министрлік оқу орнының лицензиясын тоқтатуы бек мүмкін.  


А. Данияр