Русский Сайттың толық нұсқасы

Күзде коронавирустың жаңа толқыны болады

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2020
  • 5323

Қазақстанмен көрші елдерде коронавирустың өршуі байқалады. Мәселен Түркиядағы қазіргі жағдай маусымдағысымен теңескен. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Осы орайда біздің елдегі жағдайды ушықтырып алмас үшін сенбі-жексенбі күнгі локдаун сақталатын болды. Бірақ таяқтың бір ұшы кәсіпкерлерге тиіп отыр.
 
Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:

Карантин жеңілдетіліп, қалыпты өмірге ораламыз ба деп жүрсек, көрші мемлекетте жағдай қайта ушыққан. Елдің Бас дәрігері Түркияда вирус жұқтырғандардың саны артқанын айтты. КЕСКІН: Туристтерге жол ашқан түріктерде кесел құрбандары маусым айындағы жағдаймен теңесіп отыр. Одан бөлек, Италия, Испания, Оңтүстік Кореяда да жағдай осыған ұқсас. ЗКТ: Сондықтан бізде тиісті шектеулер сақталып, локдаун жалғасады деді.  

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:


Соңғы тәулікте COVID-19 оң нәтижесімен 73 адам тіркелді. Коронавирус инфекциясына қарсы күресте қоғамның рөлі өте маңызды. Алдын алу шаралары қаншалықты сақталса – жағдай соншалықты жеңіл болады.

Локдауынның жалғасуына саудагерлер наразы. Ақтөбедегі «Арай – 2» базарындағылар жұмыс күндері сауда болмайды дейді. Ұлболсын Өтебаева көп жылдан бері айран-сүт сатып, күнкөріп келеді. Ол базардағы орынына ақшасын тауып бере алмай қалам ба деп қорқады.

Ұлболсын ӨТЕБАЕВА, САУДАГЕР:

Сүт болғаннан кейін табиғи өнім болғаннан кейін тез бұзылып кетеді. Екі күн уже тұрып қалды ма сатуға жарамайды. Төрт балам бар. Суббота-воскресенье жабық болғандықтан уже адамдар кіруді қойды. Сауда жоқ.

Көпшілік те жұмыс күндері сауда орталықтарына бара алмайтындарын жеткізді. Бірақ қазір  қауіпсіздік кезек күттірмейтінін де жақсы түсінеді.  

БЛИЦ:

- Адам өміріне қауіпті болса неге жаппасқа? Нормально это. Үйдеміз, бір жағынан балалармен көбірек уақыт өткіземіз. Бәрі біткен соң ашылса, әрине қуанамыз.

- Сенбі күндері күндіз ашса, аралап үлгеретін. Себебі жұмыс уақытында көбі бара алмайды.

- Любое время уақыт табуға болады, міндетті түрде сенбі, жексенбі емес.


Қоғамдық денсаулық магистрі Әкім Тұрсұн күзде індеттің жаңа толқыны болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Оның пайымынша бұған дейін вирус жұқтырғандар да, қайтадан жұқтыруы ықтимал.

Әкім ТҰРСҰН, "QMED" ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА ПАЛАТАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Екінші толқын келеді, болады. Екінші толқын болған кезде бір ауырған адам екінші рет ауыруы мүмкін бе? Иә, мүмкін. Қолымызда бар мәліметке қарасақ Еуропада кездесті. Бірақ алдындағыдай ауыр түрімен ауырған жоқ, тұмау секілді өтіп кетті. Демек иммунитет бар.  
 
Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:

Жалпы, бүгінгі күні Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асты. Оның 94 пайызы емделіп шыққан. 5 мыңға жуығы ауруханада жатыр. 1646 науқас, өкінішке қарай көз жұмды.


Ә. Өмірзақ