Русский Сайттың толық нұсқасы

Көп балалы отбасыларда оқу құралдары мен планшеттер тапшы

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2020
  • 3228

Елордадағы көп балалы отбасылар оқу жылына дайын емес. Оларда әлі күнге оқу құралдары мен техника тапшы. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қаналимовтың қабылдауында белгілі болды. Өтінішпен жүгінгендердің дені мектеп құралдарының жетіспеушілігі мен медициналық көмекке зәру екендерін жеткізді. Төрт сағатқа созылған онлайн қабылдауға 50-ге жуық тұрғын жазылыпты. Ерлан Қаналимов азаматтарды толғандырған өзекті түйіткілдерді барынша шешуге уәде етті.

Ерлан ҚАНАЛИМОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізге хабарласқандардың көбі жағдайы төмен, және көп балалы отбасылар. Ең басты сұрайтындары қашықтан оқуға мүмкіндік жасау. Роутерлер қажет дейді. Мұның бәрін қалалық білім басқармасымен бірігіп шешіп отырмыз.  

Ғ.Өтемісов