Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарлық құс фабрикалары қатаң карантинге жабылды

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2020
  • 3567

Қызылжарлық құс фабрикалары қатаң карантинге жабылды. Кәсіпорындар кіріп-шыққан барлық техниканы залалсыздандырып, құстарға вакцинация жасауды бастап кетті. Бұған шекаралас жатқан Ресейде құс тұмауының өршуі себеп болған. Аймақтағы эпизотиялық ахуал жайында әріптесім  әңгімелейді.

Ресейдің Омбы облысында құс тұмауы дендеп барады. Жергілікті БАҚ өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, дерт тамыз айында шыққан. Содан бері 12 мыңнан астам үй құсы кеселге шалдығып, 13 аудан карантинге жабылыпты. Тіпті алып "Иртыш" құс фабрикасына да тұмау тарап, кәсіпорын 1,5 миллион бас тауықты қырып тастады. Ал шаруашылықты жабуға мәжбүр болған. Жұмысын уақытша тоқтатқан кәсіпорын ресми мәлімдеме жасады.

РФ ОМБЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ "ИРТЫШ" ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ:

Құрметті Омбы қаласы және Омбы облысының тұрғындары! "Иртыш" құс фабрикасы өз тұтынушыларының алдында кешірім сұрайды. Келеңсіз жағдайлардан ешкім сақтанған емес. Құстардың тұмауды жаппай жұқтыруына адами фактордың қатысы жоқ. Біз Заңға сәйкес жұмыртқа өндірісін тоқтаттық. Енді барлық санитарлық-ветеринарлық шараларды өткіземіз.

Мұны естіген Қызылжарлық құс фабрикалары сақтық шараларын күшейтті. Олар қанаттыларға  тұмауына ға қарсы екпе жасауда.  

Александр ЧЕСНОКОВ, ҚҰС ФАБРИКАСЫНЫҢ ТЕХНОЛОГЫ:

Фабрикаға кіріп-шығуға тыйым салынған. Барлық техника мен нысандар зарарсыздандырылады. Бізде 500 мыңға жуық тауық бар. Бүкіл құстарға індетке қарсы вакцина жасалып жатыр. Тұмауға қарсы шараларға биыл 20 миллион теңге жұмсалды. Бұл былтырғы жылдан 4 есе көп.

Өңірдегі ветеринарлар қауіптің бар екенін жасырмайды. Өйткені қазір жабайы құстардың күзгі миграциясы жүріп жатқанын айтты. Осыған сай бірқатар шектеулерді енгізген. Аймақтағы 5 миллионнан астам үй құсында тұмаудан қорғау шараларын қолға алған.

Берік ӘЛЖАНОВ, СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
 
Құс пен құс өнімдерінің импортына уақытша шектеу енгізілді. Біз құс фабрикаларының өкілдерімен жиналыс өткізіп,бірқатар кеңес бердік. Мәселен, құсты жабық жерде ұстау, жабайы құстарды үркітетін қосымша техника сатып алу қажет. Ал жеке шаруашылықтарға үй құсын көлге шығармай, үйдің ауласында ғана ұстау керек деген нұсқау берілді.

Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысында соңғы рет құс тұмауы эпизоотиясы 2005 жылы болды. Ол кезде індет үш ауданға тарап, ондаған мың құстың көзін жойған.  

А.Құрманкин