Русский Сайттың толық нұсқасы

Праймериз кандидаттары арасында жеребе өтті

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2020
  • 3620

Алматыда праймериз кандидаттары ашық дебатқа дайын. Бүгін Нұр Отан партиясының қалалық филиалында онлайн жеребе тартылды. Лато форматында өткен жеребе нәтижесіне сәйкес- пікір сайыс уақыты мен күні нақтыланды. Онлайн жүрген жеребені, партияның бақылау тобы мен басқа да көрермендер тікелей эфир арқылы бақылады. "Бұл нәтиженің ашық, әрі әділ өткендігін айқындайды", дейді ұйымдастырушылар. Дебаттың өзі қыркүйектің 14-де басталып, айдың соңына дейін жүреді. Айта кетейік, Алматы қаласында праймеризге 225 кандидат қатысуда. Оның 35 пайызы қыз-келіншектер болса, 32 пайызы жастар.

Станислав КАНКУРОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Жеребе лото форматында өтті. Біздің жүргізушілер тікелей эфирде барабаннан номерін алып көрсетті. Әрбір адам біздің әлеуметтік желілер арқылы соны көрді. Бұл лото форматы әділ жеребе, әділ сайлау праймериз кезінде өтетінін көрсетті. Оны біздің әлеуметтік желіде жариялайтын боламыз.

А. Кемелжан