Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында қару ұрлағандардың соты шиеленісіп кетті

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2020
  • 3352

Қару-жарақ ұрлығына еш қатысым жоқ. Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы әскери бөлім командирінің сотта берген жауабы осы болды. Бір қолы кісендеулі күйде жеткізілген әскери шенді, айыпталушы-кіші сержанттың айтқанын теріске шығарды. Ол желтоқсан айынан бері бөлімше командирінің міндетін атқарушы болғанын, қару ұрланғаннан кейін білгенін уәж қылды.

Ержан ДАУТОВ, КУӘГЕР:

Тағайындалмағам. «Тағайындалған» деп бұл кісілер айтып тұр. Мен ұрланғаннан кейін ертесіне полковник Шевченконың қолынан көрдім № 252 бұйрықты. Мен ол бұйрықпен таныспағам. Сот мырза, мен жаңа айтып өттім,  ұрланғаннан кейін барып көрдім приказды. Ал егер мен қабылдап алуым керек болатын болса  жоғары тұрған басшылықтан комиссия құрылып, келіп, қабылдатқызуы керек емес пе маған?


Айта кетейік, бұл қылмыстық іс бойынша айыпталушы - кіші сержант Абылай Балғынбай, тамыздағы сотта бөлімше командирінің міндетін атқарушы Ержан Даутовтың бұйрығын орындадым деген болатын. Ержан Даутов бүгінгі сот отырысына куәгер ретінде қатысқанымен, жалпы атышулы қару ұрлау ісінде оған да қатысты бірнеше баппен қылмыстық іс қозғалып отыр. Еске салайын биыл ақпан айында Түркістан облысындағы әскери бөлімге тиесілі қоймадан қару-жарақ ұрланды. Бұған қатысты 8 адам айыпталып отыр. Басты айыпталушы - кіші сержант Абылай Балғынбай.

А. Төребекқызы