Русский Сайттың толық нұсқасы

Сәтпаев қаласында көпқабатты үйдің қабырғалары опырылып кеткен

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2020
  • 2579
Бүгін арнамызға Қарағанды облысы Сәтпаев қаласының тұрғындары шағым айтып хабарласты.  Олар қауіпсіздік үшін алаңдайтындарын айтты. Өйткені тұрып жатқан көпқабатты үйдің қабырғалары опырылып, құлауға шақ тұр деді. Бізге жолдаған фото-бейне жазбаларда сөздеріне куә бола алады. Айтуларынша құрылыстың салынғанына небәрі 10 жыл ғана болған. Жұрт әкімдікке де жүгініпті. Алайда, олардан да қайыр болмаған соң, көмек сұрап отырғандарын айтады.


Гүлшат БАЗЫЛБЕКОВА, СӘТПАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үйдің сырты бәрі құлап жатыр. Подвалдың бәрінде тоқ жатыр. Кәдімгідей стойкаларды ағашпен тіреп тастаған. Үй суық, әкімге барсақ бесплатно алдың ғой деп құтылады.


Мирас КОКШИН, СӘТПАЕВ қ. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

20 шақты пәтері бар үй тұрғындарының мәселесін айтып, Сәтпаев қаласының шенділерімен хабарластық. Бізбен байланыста қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Мирас Кокшин бар екен. Мирас мырза, қайырлы кеш! Салынғанына небәрі 10 жыл болған. Бірақ мұндай күйге түсуіне не себеп?  

Мирас КОКШИН, СӘТПАЕВ қ. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл үйдің жағдайы бізге жақсы таныс.Тұрғындар да бірнеше рет шағымданған. Алайда үй апатты болып саналмайды. Десе де екі ай ішінде зақымданған жерлерін жөндеуден өткізіп беруге уәде етеміз.

Сонда бұл сапасыз құрылыс па? Олай болса қалай мемлекеттік комиссиядан өтіп кеткен?

Мирас КОКШИН, СӘТПАЕВ қ. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


2008 жылы барлық құжаттары рәсімделіп қабылданып алынған. Сондықтан ол үй әкімдіктің жете назарында.

Сұхбатыңызға рақмет! Бұл түйіткілдің түйінін шешуге қолғабыс етесіз деп сенейік. Тұрғындарды алаңдатқан мәселе шешілгенше, біз жағдайды өз бақылауымызда ұстаймыз. Қымбатты көрермен, "Телерепортер" айдары қайта іске қосылды. Егер сіздің де өзекті мәселеңіз болса, экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Ғ.Өтемісов