Русский Сайттың толық нұсқасы

Құрттап кеткен суды ішіп отырған тараздықтардың мәселесіне "Nur Otan" назар аударды

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2020
  • 2949

50 жылдан бері ауыз судан тарығып жүрген тараздықтардың мәселесі, жыл аяғына дейін шешілетін болды. Бас партияның аймақтағы өкілдері бұл мәселені өз бақылауына алды. Жергілікті халықпен кездескен нұротандықтар осыны жеткізді. Өткен айда біз бұл мәселені көтерген едік. 100-ге жуық отбасы тұратын массив, қалаға қарайды. Бірақ оның судан бөлек, ресми атауы да жоқ. Көпшілік "Талчок" деп атап кеткен. Ортақ су жүйесі болмағандықтан, тұрғындар аулаЛарынАн құдық қазған. Жер астынан шыққан су қолқаНы қабады, тіпті оның ішінен құртта шыққанын көрсеткен едік.

Майқы КЕНЖЕЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Көлігі барлар тасып ішіп жатыр. Ал көлігі жоқ біз сияқтылар анау сасық суды ішіп жатырмыз. Шелекке мысалы су алып қойып қойсаңыз. Таңертең қарасыңыз түбінде мынау бір елідей қақ тұрады. Ішінде мынау кәдімгі ине жіптің жіңішкелігіндей құрт жүреді.


Мамандар бұл суды ішуге тиым салыпты. Себебі, іргеде қаладан шығатын кәріз жүйесінің тұндырғышы тұр. Жергілікті атқамінерлер мәселені шешуге қаржы қолбайлау деген еді.

Асхат ЕСЕНАЛИЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған қазіргі мәселе бойынша 2 жарым км аталған төрт тұйықтата.  Жобалық сметалық құжаттары толығымен дайын 26 млн-ға. Кезең кезеңімен шешетін боламыз. Қазір бюджеттің нақтылауы болады осы қыркүйек, қазан айларында. Сол кезде осы мәселелерді қарастыратын боламыз.
 

Ғалым ҚАСАБАЙ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бірінші кезекте осы біз тұрған аймақ, осы көше арнайы ауыз сумен қатмасыз етілетін болады. Облыстық партия комиссиясы бақылауға алады. +егер де оны рет-ретімен кезең-кезеңімен жұмыс атқармаған жағдайда, қала әкімі болмаса қала әкімінің негізгі жауапты адамдары партиялық жауапкершілікке тартылатын болады.

Б. Жұмабайұлы