Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда кооператив пен балықшылары арасында шу шықты

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2020
  • 4250

Атырауда балықшылар жұмысқа шықпағалы аптадан асты. Олар бүгін аудан әкімдігі ғимаратына жиналып, талаптарын білдірді. Өндірістік шаруашылық пен 200 балықшы бағаға келісе алар емес.

Өндірістік шаруашылықтар мен балықшылар арасында шудың шешілер түрі жоқ. Тараптарды тындаған әріптесім тақырыпты тарқатады.  

Әкімдіктің алдына 100-ден аса балықшы келді. Айтуларынша өндірістік кооператив басшылары балық бағасын түсіріп тастаған. 1 келі балықты 150 теңге бағалап отыр. Ал балықшылар бұған үзілді-кесілді қарсы.

Серік ІЗБАСАРОВ, БАЛЫҚШЫ:

Бізге қойып жатқан бағасы сазан, сыла, секілді балықтарды 150 теңгемен қойып отыр. Ал осының алдында 250 теңге болған. 1 күннің ішінде 100 теңгеге түсіріп тастап отыр.

Анарбек ҚАДЫРБАЕВ, БАЛЫҚШЫ:

Жылдағы әдеттері. Балық енді білініп бастағанда,1 күн, 2 күн алады, үшінші күні  балық толып қалды. Цех толды. Балық өтпей жатыр деп сылтау айтып, жылдағы әуен, балықтың бағасын түсіріп тастайды.

Бауыржан  ЖАНБУРИЕВ, БАЛЫҚШЫ:

25-30 мың  табу керексің. Үстіне және пайда көру керексің. Бұлар қазір 150 қылса, 100 келі балық апарсаң, 15 мыңға тапсырасың. Ар жағында шығыныңды өтей алмайсың.

Ашынған балықшылар судың ортасында, желдің өтінде жүрген еңбектерінің бағаланбай жатқанына наразы. Олар бір ауыздан бағаны көтермесе жұмысқа шықпайтындарын кесіп айтты. базыналы халықты тындауға жергілікті атқамінерлдер келді. Олар санаулы адамдардың ғана ішке кіруіне рұқсат берді.   

Артур СӘДІБЕКҰЛЫ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Біздер, жергілікті атқарушы орган бұл табиғат пайдаланушылар мен балықшылар арасындағы  бағаны қалыптастыруда араласуға құқымыз жоқ. Қолданыстағы кодекске сәйкес араласуға құқымыз жоқ. алайда өздеріңіз көріп отырғандай келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Кооператив басшыларының айтуынша, бағаны өсіруге, балыққа деген сұраныстың болмауы себеп. Қазіргі ауланғандарын былай қойғанда, көктемгі ауланғандар да тоңазытқышта жатыр. Шығын шаш етектен ,- дейді.

Мұрат  ӘМІРҒАЛИЕВ, БАЛЫҚ КООПЕРАТИВІНІҢ БАСШЫСЫ:

Пандемияда ешқандай сауда жоқ. Қазақстанда да жоқ, шетелде де жоқ. Тойлар жоқ. садақаға дейін жоқ. Салығым бар. НДС, бейресурстың өзі 40 теңге, содан кейін КПМ бар, дүкеншілердің жалақысы бар, машинаның алып барған, мұзым бар. Холодильник бар.  


Кездесудің нәтижесінде кооператив басшылары балықтың келісін 230 теңгеге дейін көтеруге келісім берген. Алайда балықшылар оны да азсынып тұр. Айта кетейік, аймақта Жайық өзені мен Каспий теңізінен балық аулайтын 14 табиғат пайдаланушы бар. Оларда 400-ге тарта балықшы жұмыс істейді. Балық аулаға берген жылдық лимит көлемі - 18 мың тонна.

Б. Надирқызы