Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола мен Алматы облысы басшылары жемқорлықпен тиісті деңгейде күрес жүргізе алмай келеді

  • AstanaTV
  • 18 қыркүйек 2020
  • 2327

Сыбайлас жемқорлықпен күресте Ақмола мен Алматы облысы басшылығы қауқарсыздығын көрсеткен. «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес осындай ой түйіпті. Бұл пікір дәлелді деректермен нақтыланды. Ақмола облысында мысалға соңғы 2,5 жыл ішінде 400-ге тарта қылмыстық іс тіркеліпті. Ал, Алматы облысында 300-ден аса жемқорлық факті анықталған. "Бұл ақпарат аймақ басшылығының парақорлықпен күресте белсенділік танытпай отырғанын аңғартады, дейді Партия белсенділері.

Омархан ӨКСІКБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

Басқа жұмысқа кетіп қалған, сол үшін жауапкершілікке тарта алмаймыз, - дейді. Ол дұрыс емес. Егер қандай да бір кемшілікке жол берді ма, сыбайластыққа жол берді ма, ол адамды қай жерде болса да, тіпті зейнетте болса да партиялық жауапкершілікке тартуымыз қажет. Біз кешірімді болмауымыз керек, сонда ғана сыбайластықтың алдын аламыз.

Жемқорлықпен күресте нұротандықтар қағазбастылыққа емес нақты қолға алынған іс-шараға баса назар аударып отыр. Формализмге жол берген үшін өткен жылы 66 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты. 8- шенеунік жұмысынан қуылды.

Ә. Өмірзақ