Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл 57 мемлекеттік қызметкер "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға аттанады

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2017
  • 3390

Білім және ғылым министрінің көмекшісі "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға түсті. Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығының вице-президенті Мейіржан Алпысбай мәлімдеді. Биыл 57 мемлекеттік қызметкер "Болашақпен" оқуға кетеді. Құжат тапсырғандар арасында әкімдердің орынбасарлары, комитет төрағалары, кеңесшілер мен мемлекеттік органдар басшыларының көмекшілері бар. Мейіржан Алпысбайдың айтуынша, үміткерлердің лауазымына қатысты ешқандай шектеулер жоқ. 

Мейіржан Алпысбай, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті:

БАҚ-та жеке мәліметтерінің жариялануына қарсылық білдірмеген мемлекеттік қызметкерлердің аты-жөнін назарларыңызға ұсынамыз. Үміткерлердің толық тізімімен ресми сайтта таныса аласыздар.

Биыл құжат қабылдау мерзімі бір айға ұзартылды. Яғни 16 қарашаға дейін жалғасады. Барлығы 300 үміткер құжат тапсырған. "Болашақ" бағдарламасы арқылы білім алуға үміттілер алдымен өтініш жазады, шет тілі мен қазақ тілі бойынша деңгейін тексеретін кешенді тест тапсырады және тәуелсіз сараптамалық комиссияда әңгімелесуден өтеді.