Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада праймеризге қатысып жатқан әйелдер бас қосты

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2020
  • 4181

Праймеризге нәзік жандылардың қатысуы, жақсы бетбұрыс. Яғни олар саясат сахнасында тың өзгерістер әкелуі мүмкін. Қызылордада партияішілік бәсекеде бақ сынап жатқан белсенді әйелдердің пікірі - осы. Жиынға «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасы Ләйлә Төрешова қатысып, үміткерлердің ұсыныстарын тыңдады. Аймақта қазір 502 кандидат саяси додаға түсіп жатыр. Соның 164-і қыз-келіншектер. Кездесу барысында олар сайлауалды бағдарламаларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.

Райкүл БАЙНАЗАРОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Қыздардың көптеген ерекше қасиеттері бар, ер адамдарға қарағанда. Сондықтан әр қайсысы депутат болған жағдайда сол өзінің мандатын ел игілігіне жұмсайтынына ешқандай күмәніміз жоқ.


М. Тоқтасынқызы