Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысындағы елді-мекендерді құм басып қалу қаупі бар

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2020
  • 3801

Жамбыл облысындағы бірнеше ауылды құм басып қала ма деген қауіп бар. Өйткені құм ауыл ішіне  кіріп, егістік алқаптарды басып қалған. Мал жайылатын жерлерді де тарылтқан. Сырғыма құм 6 аудандағы халықтың бас ауруына айналыпты. Тұрғындарды алаңдатқан мәселені көріп қайтқан өңірдегі әріптесім тақырыпты тарқатады.

Берік ЖҰМАБАЙҰЛЫ, ТІЛШІ:

Құмды аймаққа жақын орналасқан елді-мекендердің бірі мына мен тұрған Үшарал ауылы. Жылдар бойы жылжыған құм бұл ауылдың ішіне дейін кіріп кеткен. Тіпті орталық көшедегі тас жол мен жолдың арғы бетіндегі білім ошағын құм басып қалмасын деп тұрғындар қолдан шеңгелден шарбақ тұрғызған. Осы арқылы көшпелі құмды тоқтатып, амалдап отыр.

Байырғы тұрғын Ғалымжан Өтеулиев баспанасын құм басып қала ма деп қауіптенеді. Өйткені жел соқса, үйінің маңына жиналып қалады деді. Соны тазалаумен жаз өткізетінін айтады. Соған қарамастан мал қорасының маңы құмға толған.

Ғалымжан ӨТЕУЛИЕВ, «ҮШАРАЛ» АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Столбаның жартысынан басып қалатын. Аштырғаннан кейін, аштырды ғой бір ай ма осы жердің топырағын камаздар келіп, по грузшикпен кеп. Қазір түк ештеме жасап жатқан жоқ. Кезіндегі мынау жасалғанмен тұр ғой.


Кенжебек ОРАЗАЛИЕВ, «ҮШАРАЛ» АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұрын мына жерде опшім құм жоқ етін. Мына құмның бәрі сол желмен барған құм.

Мына қоршау 6 жыл бұрын құмды тоқтату үшін салыныпты. Бірақ қазір құм одан да асып тұр. Ауыл халқы бұлай жалғаса берсе мектепке қатынау да қиынға соға ма деп алаңдайды. Жергілікті атқамінерлер болса, құмнан қорқыныш жоқ деп бейғамдық танытты.  

Рахымжан ЕШТЕЙБЕКОВ, ТАЛАС АУДАНЫ ҮШАРАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМДІГІНІҢ БАС МАМАНЫ:


Бұрын асфальтың үстіне дейін шығып кеткен. Мына жақта бозарық деген мектеп бар ғой сол жаққа дейін бұрын құм көшкіні шыққан. Одан кейін облыс әкімі кімнің кезінде Бозымбаевтың кезінде, сол кезде қоршалып құм көшкіннің бәрі кеткен. Оған сексеуіл екті құм көшкінің тоқтату үшін сондай жұмыстар атқарылды.

Жылжыма құм Байзақ ауданына қарасты Аққұм ауылында үрейге бөлеген. Мұндағылар ұсақ малдарын ауласында ғана бағып отыр. Себебі, сырғыма құм ауыл іргесіне дейін жеткен. Тіпті егістік пен өрістерін де құм басып қалыпты.  

Пәрімбек БЕЙСЕНҰЛЫ, «АҚҚҰМ» АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
Біздің жерімізде егінді егіп, шекесі шылқ ете қалмайды ешкімнің. Тек қана мал алу керек. Ал енді мал алайын десе жайылым жоқ. +30-40 қойды мынау кішкентай ауламда бағып отырмын.


Мамандар мұны ауылдардың маңында жасыл желектің жоқтығымен байланыстырды.

Сымбат БЕЙСЕНОВ, ОРМАН ҚОРҒАУ ИНСПЕКТОРЫ:

Құмның көшетін жері осы ауылдың маңайы себебі алдында ешқандай пана, төбелер жоқ, неғұрлым ауылдың жиегіне егу керек. Орман қоры емес жерлерге егілмейді ғой, арғы жағы орман қоры жері емес, шаруа қожалығының жері бар, басқа да жерлер бар ол жерге барып екпейміз ғой.  
 
Жамбыл облысының жалпы үштен бір бөлігін, яғни 5 миллион гектардан астам жер Мойынқұм алып жатыр.

Б. Жұмабайұлы