Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық 50-ге жуық зейнеткер кемеге мініп, саяхаттады

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2020
  • 2291

Елордалық бір топ зейнеткер кемеге мініп, өзен бойымен серуендеді. Қарияларға көңілді саяхатты жасотандық еріктілер ұйымдастырған. Олар партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында мұндай шараны өткізу дәстүрге айналғанын айтты. Мақсат - қарттарға қамқорлық таныту, -деді.

Арсланбек МАҒЗҰМ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖҚ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Қарияларымыз өте қуанышты. Күннің суығына қарамай, олар да дәстүрлі шараны асыға күтеді. Қазір әрине пандемия кезеңі болғандықтан, кемемен саяхатты біраз кешеуілдеттік. Дегенмен барлық санитарлық талаптар толық сақталған.  

Ақ кеме Сарыарқа көпірінен «Ақорда» резиденциясына дейін жүріп өтті. Зейнеткерлер балаша мәз. Ән айтып, таза ауа жұтып бір жасап қалдық,- дейді. Қала көркін тамашалаған зейнеткерлер  мұндай іс-шаралар жастарды адамгершілікке тәрбиелейді деп отыр.

Гүлбарам МАҒЗҰМҚЫЗЫ, ЗЕЙНЕТКЕР:

Серуен ұнайды, өте жақсы. Өлең айтып бір жасарып қалдық.


Ғ. Өтемісов