Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылық кандидаттарды әлеметтік саладағы мәселелер алаңдатады

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2020
  • 2041

Алматылық праймеризге қатысушы үміткерлерді әлеуметтік сала алаңдатады. Олар сайлауалды дебатта білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешуге ниетті. Бүгін өткен ашық пікірсайыста осыны көтеріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Жетісу ауданындағы үміткерлердің арасында кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен блогерлер бар. Олар өздері әзірлеген  сайлауалды бағдарламаларын көрсетті. Көпшілігі халықтың әлеуметтік мәселелеріне назар аударған.

Ерлан ДАВОВ, АЛМАТЫ қ. ЖЕТІСУ АУДАНДЫҚ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Жолдарды жөндеу, кәсіпкерлікті дамыту, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала бойынша мәселелерді талқылайды. Біздің Жетісу ауданымызда праймеризге қатысушылардың жалпы саны 15 үміткерді құрайды. Олар 3 топқа құрылды.


Ә. Лесбек