Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-да кезекші сынып оқушысынан коронавирус шықты

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2020
  • 2830

Бүгін ел ішінде індет белгілері бар пневмонияны жұқтырғандардың саны бірден 364 жағдайға көбейді. Бұл туралы министрлік ақпарат таратты. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныпқа барып жүрген оқушыдан коронавирус анықталған. Қазір үйінде ем қабылдап жатыр. Онымен байланыста болған мұғалім мен 12 оқушыдан сынама алыныпты. Ал, мәжілісмендер денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды парламентке шақырды. Депутаттарды кесел жұқтырып, қайтыс болған медицина қызметкерлеріне тағайындалған өтемақыны беру жұмыстарының салғырт жүріп жатқаны алаңдатады. Бүгінгі күнге дейін 13 мыңға жуық ақ халаттылардың атынан өтініш түскен. Бірақ күні бүгінге дейін 2 жарым мыңы ғана халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданған.

Зәуреш АМАНЖОЛОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларына төлем жасау жағдайы да анағұрлым нашар. Өкінішке қарай, кеселден 197 медицина қызметкері қайтыс болды. Ал, Денсаулық сақтау министрлігі тек оның 38-іне төлем тағайындау туралы өтініш берген. Жалпы көз жұмған 25 дәрігерге өтемақы төленген. Президент пәрменін қос министрлік бірігіп орындай алмады.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Тақырып өте өзекті және  біз жақын арада «Нұр-Отан» фракциясымен сөйлесетін боламыз. Министр Цой мен басқа мемлекеттік органдардың басшыларын шақырып, жарты жылдықтың есебін беруді сұраймыз. Содан кейін ғана министрлік қозғалады.

А. Данияр