Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысының әкімі кезекті ашық дебатқа қатысып, үміткерлердің сайлауалды бағдарламасымен танысты

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2020
  • 2146

Алматы облысының әкімі, "Nur Otan" партиясының аймақтағы филиалы төрағасы Амандық Баталов праймериз кандидаттарының ашық дебатына қатысты. Кезекті пікірсайыста 6 үміткер сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Облыс бойынша бір мандатқа 3 үміткер таласуда. Жалпы 1055 кандидат бар. Олардың 25-і мәжіліс дептутаттығынан үмітті. Облыстағы партияішілік бәсеке әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде таратылуда. Дебаттағы көтерілген  мәселелерді тыңдаған облыс әкімі өзінің пікірін білдірді.

Амандық БАТАЛОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Сіз мәселені қозғадыңыз. Бірақ оның шешілу жолдарын қарастыру қажет. Кейбір айтылған мәселелер өзінің ретімен шешіліп келе жатыр. Мысалы, Талдықорғандағы спорттық нысандардың саны артуда. Бірақ, облыстың бюджеті шексіз емес. 27 млрд теңгеден 760 млрд. теңгеге дейін өсті. Соны да ескеру керек.

А. Кемелжан