Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада 8 мың мектеп оқушысына ноутбук беріледі

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2020
  • 2323

Нұр-Сұлтанда тағы 8 мың оқушыға ноутбуктер таратылады. Мектепке қажетті құралдар көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына берілмек. Алайда, оқу жылы аяқталғаннан кейін компьютерлер мектепке қайтарылады. Қала әкімінің кеңесшісі Дәурен Бабамұраттың айтуынша, Елордада жиыны 20 мың ноутбук таратылады. Оған қаражат республикалық бюджеттен бөлінген. Осылайша биылғы оқу жылында 40 мыңнан астам оқушы компьютермен қамтылғалы отыр.

Дәурен БАБАМҰРАТОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Бұл шешімді қай балаға берілетіні жайлы мектеп басшылығы өздері шешеді. Әлеуметтік топтағы аз қамтылған отбасы мүшелеріне уақытша беріледі.

Эльмира РЫСПАЕВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Бүгін оқушыларға, мұғалімдерге ноутбук берілді. Ол әрине оқуды жеңілдетеді. Көмек көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді. Үлкен рахмет!


Ғ.Өтемісов