Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада жол жиегінде тұрған үш адамды көлік қағып кетті

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2020
  • 2564

Тізгінге ие бола алмай үш адамды қаққан астаналық азаматқа қатысты тергеу амалдары басталды. Келтірілген деректерге қарағанда 37 жастағы келіншек жол жиегінде тұрған 3 адамды қағып кеткен. Жол көлік оқиғасынан зардап шеккеннің біреуі 4 жасар бала. Елордадағы жол қауіпсіздігі туралы Әлішер Өмірзақ жалғастырады.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:


Апатты жағдай тудырған көлік мына Қошқарбаев көшесі бойымен келе жатқан. Кейіннен тратуарда тұрған үш азаматты қаққан, олардың арасныда 4 жасар бала да бар. Қан және доңғалақ ізін қазір де аңғаруға болады. Кейін көлік мына темір қоршауға соғылып, бірақ тоқтаған. Осыдан-ақ соққының қаншалықты қатты болғанын аңғаруға болады.

Көлікті басқарған келіншек мас болмаған. Мұны полиция департаменті хабарлап отыр. Келтірілген деректерге қарағанда ол көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп басталды.

Эльмира ШАУЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

37 жасар қала тұрғыны рөлге ие бола алмай үш жолаушыны қағып кетті. Салдарынан олар ауруханаға жеткізілді. 59 жасар әйел азамат, 33 жасар ер азамат және 4 жасар бала.  

Зардап шеккен бала мен әйел адам жеңіл жарақат алыпты. Олар осы уақытта амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

Ал, 33 жастағы азамат бала ауруханада. Ол, баланы қорғаймын деп ауыр соққыны өзіне қабылдапты.

Әйгерім АРДАҚҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРАМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Дәл қазір ауруханада, ота жасауға дайындалып жатыр. Түскен кезде жағдайы қиын етін, бүгінгі күні орташа болып есептеледі.

Айта кетейік, жыл басынан бері бас қаланың өзінде жүргізушілердің кінәсінен 185 жол-көлік оқиғасы болған. Зардап шеккендер саны 200-ден асады.

Ә. Өмірзақ