Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО бес үйдің шөбі мен малы жанып кетті

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2020
  • 2733

Батыс Қазақстан облысында түнде 5 үйдің қорасы өртеніп кетті. Абырой болғанда адамдар дін аман. Бірақ 67 тонна мал азығы, шошқалары мен тауықтары жанып кеткен. Басқа малдарын шығарып үлгеріпті. Достық ауылы тұрғындары бұл қаскөйлердің қастығы деп отыр. Өйткені қорасы өртенген 5 үй, ауылдың әр шетінен таңдап алынған, тіпті бір мезетте отқа орынғанын айтады. 2 ай бұрын да осындай жағдай орын алғанын жеткізді.

Еркін ӘДИЕВ, ДОСТЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Менің ойым бұл жерде организованный бірдеме бар. Шөптің мәселесі қазір қиын болып тұр. Биыл қуаңшылық. Шөптің 8 мыңнан жоғарыға машинамен әкеледі. Енді біз ала алмаймыз. Алғанымызша алдық. Мен ойлаймын сол бағытта болар деп. Енді қазір ущербті 1,3 млн.ға есептеп қойдық.

Гүлбаршын КАМАЛИЕВА, ДОСТЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Енді бұл дұшпаныңа да тілейтін жағдай емес. Жасаған кісінің жүрегі жоқ деп ойлаймын. Мен білмеймін. Түсте болса ойлаймын, ойбай күннің көзі, әйнек мысал үшін. Түнгі сағат бір жарым екіде әрине енді өзінен-өзі жанбайды ғой. Қолдан болған жағдай деп ойлаймын.

Төтенше жағдай мамандарының да алдын ала жасаған болжамы осыған ұқсас. Қазір Бәйтерек ауданында арнайы мамандардан штаб құрылған. Ол өрттің нақты неден шыққанын анықтап, келтірілген шығынды есептемек. Сондай-ақ, жапа шеккендерге өтемақы төлеу жайында шешпек. Ал кімнің кінәлі екендігін табу полицияға жүктелді. Құзырлылар біреудің дүние мүлкін қасақана бүлдіру бабымен қылмыстық іс қозғаған.

Жасұлан ЖҰМАШЕВ, БҚО ТЖД БАСТЫҒЫ:

Шөмеле дейтін үстінен жанбайды ғой, астынан жанады. Ол найзағай түсіп, үстінен жануы мүмкін. Кеше түнде түн ашық болды. Фиксация жұмысын жүргізгенде бәрі де үстінен жанған. Бірақ уақыты бір уақытта жанып тұр ғой. Кішкене алыстау тұрған үйдің ауылға барар жолынан уже велосипед табылды.


Е. Карин