Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде ондаған мың кәсіпкер банкротқа ұшырауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2020
  • 2468

Отандық бизнесмендер банкротқа ұшыраудың сәл-ақ алдында тұр.  Өйткені, елдегі ондаған мың кәсіпорын шетелдік компанияларға бәсекелес бола алмай отыр. Мәжіліс депутаты, "Nur Otan" фракциясының мүшесі Мейрам Пішембаев бүгін Үкімет басшысының атына осындай депутаттық сауал жолдады. Мәжілісменнің айтуынша, Еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі бері, отандық өнім тиісті деңгейде өтпей қалған. Пандемия кезінде бұл тіпті ауыр. Осы күнде отандық бизнеске, тақырға отырып қалу қауіпі төніп тұр.  Әсіресе жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындарда жағдай мүшкіл екен. Олардың жергілікті қамту үлесі 10% - дан аспайды. "Жағдай ушықпай тұрғанда, мәселені қолға алу керек", дейді Мәжіліс депутаты.

Мейрам ПІШЕМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Отандық өндірушілер үшін тендерлерді өткізу кезінде 20% шартты жеңілдік беру нормасы, қазақстандық өндірушілерден бір көзден тауарларды сатып алу құқығы және тапсырыс берушілердің тауарлардағы жергілікті қамтудың міндетті үлесін талап ету мүмкіндігі алынып тасталады. Үкіметті дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру және отандық өндірушілерді қолдаудың балама тетіктерін қарастыруға шақырамын.

А. Мүтәлі