Русский Сайттың толық нұсқасы

Кавасаки балалар үшін коронавирустан да қауіпті

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2020
  • 2424

Балалар үшін коронавирустан да қауіпті дерт, ол-кавасаки. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. Аталған індеттен екі бала қайтыс болды. Көз жұмғандардың бірі- 2 жастағы сәби. Ол ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Екінші күні жансақтау бөліміне ауыстырылыпты. Бірақ, 1 ай бойы комада жатқан бүлдіршінді құтқарып қалу дәрігерлерге мүмкін болмаған.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қайтыс болған екінші бала -15 жастағы жасөспірім. Оның созылмалы ауруы болған.  Сондықтан баланың жағдайы ауыр болды. Одан алынған қан сынамасында коронавирустың бары анықталды. Барлық қажетті медициналық көмектер көрсетілдігеніне қарамастан, құтқарып қалу мүмкін болмады.

Қазір аталған кеселден 37 бала жазылып шыққан. Екеуі емін жалғастырып жатыр. Есесіне коронавирусты мектеп жасындағы балалардың жұқтыру дерегі көбейген. Ел аумағында COVID-19 109 баладан анықталса, соның 36-сы кезекші сыныпта оқиды. Ал, қалғандары қашықтан білім алады. Жалпы, оқушылармен байланыста болған адамдар арасынан да дертті жұқтырғандар бар.  

А. Данияр