Русский Сайттың толық нұсқасы

Жалғамыс ауылында автобус мүлде жоқ

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2020
  • 5367

Алматыдан 50 шақырым жерде орналасқан Жалғамыс ауылы тұрғындарының, қалаға қатынауы мұңға айналған. Бүгін арнамызға хабарласқан бұқара, аудан орталығына да баратын автобус жоқ деп шағым айтты. Ал, таксиге қарашаның қалтасы көтере бермейді. Күндіз 300 теңгеге апарса, қас қарайғанда адам басына 1000 теңге алады дейді. Тындап көрейік.

Шолпан ЖАҢАБАТЫРОВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАЛҒАМЫС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Тапқан табысымыздың жартысын жолға жұмсаймыз. Және де сенбі, жексенбі күндері бізге өте қиын, өйткені мемлекеттік жұмыста істейтіндер демалғандықтан екі перескада жасауға тура келеді.

Хабарласқан тұрғынның сөзінен түсінгеніміз, ауыл мен тіпті ауданның арасында автобус жүрмейді. Неліктен? Бұл сауалды біз қазір жергілікті атқамінерлерге жолдағымыз келіп тұр. Бізбен байланыста Қайнар ауылдық округі әкімі Нұрболат Манапбаев бар екен. Нұрболат мырза, қайырлы кеш! Мәселені естідіңіз. Алматыны айтпағанның өзінде, ауыл халқы ауданға таксимен барады. Автобус жоқ, неге?  

Нұрболат МАНАПБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Алдында № 219 автобус маршруты болатын, оны ЖШС таситын. Бірақ мына індетке қарсы наурыз айында тоқтап қалды. Қаладан 50 шақырым қашықта орналасқан елді мекендерді тасымалдау «Алматы қалалық жолаушыларды тасымалдау» автобус парктеріне өтті.

Ауыл халқы қашан қоғамдық көлікпен қамтылады?

Нұрболат МАНАПБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Қазір біз Еламан, Жалғамыс ауылдарына тасымалдау қызметін қайта қалпына келтіру үшін «Алматы қалалық жолаушыларды тасымалдау» бөліміне сұраныс ұсындық. Осы екі ауыл бізде қалып отырған. Енді мерзімін Алматы қаласы шешеді.

Сұхбатыңызға рақмет! Нұрболат мырза, қалың елдің алдында берген уәдесін орындайды деп сенейік. Жалғамыс ауылы тұрғындарының автобус мәселесін біз де өз бақылауымызда ұстаймыз.  Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған проблема болса - экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласып, Аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.


Ә. Өмірзақ