Русский Сайттың толық нұсқасы

Қайыр тілеп жүрген көп балалы ана садақа бермегендерге шабуылдаған

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2020
  • 3442

Алматыда қайыр сұраған тілемші, садақа бермеген жүргізушіге шабуыл жасаған. Көлігінің терезесін сындырып, қолын тістеп алыпты. Бұзақы келіншекті полиция ұстап, жеке басын анықтады. Кө балалы ананың еш жерде жұмыс істемейтіні белгілі болды. Енді ол жасаған әркеті үшін қомақты айыппұл төлеуі мүмкін.   

Әлеуметтік желіге тарап кеткен мына кадрлер осыдан үш күн бұрын Алтын Орда базарының жанында түсірілген. Кешкі сағат 5-тер шамасында кептелісте тұрған жәбірленушінің көлігіне, қасына бес бала жетектеген қайыршы әйел шабуыл жасапты.

Жолдың дәл ортасында балаларын ертіп, қайыр сұрап жүрген әйелге сигнал бастық. Кейін ол біздің жанымызға келіп, бізден де ақша сұрады. Сигнал басқанымыз үшін дауыс көтерді. Садақа бере алмаймыз дегенімізде көліктің артқы терезесін сындырды. Ол өте озбыр, дөрекі. Жанымда отырған анама, таяқпен шабуыл жасап, басын жаралады. Менің қолымды тістеп алды.

Жалпы қала бойынша аталған бұзақы әйелден жәбір көргендердің саны жетерлік. Көбі ғаламтор арқылы шағымын жазып, видеосын салған. Соның бірі алматылық бойжеткен – Римма Әбітова.

Римма ӘБІТОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өткен жылы тамыз айында Алматы-Бішкек трассасында Алтын Орда жолында кетіп бара жатқанда бірінші рет жаңағы әйелді 4-5 баласымен көрдім. Үлкен қызын өте қатты ағашпен ұрып жатты. Мен оған ескерту жасадым, тате балаңыз ғой, ұрмасаңызшы. Маған неше түрлі боқ сөз айтып, көлігімді ұрып көп нәрсе айтты.

Қазір полицейлер бұзақы әйелді қолға түсірген. Оның жекебасын анықтап, қасына ертіп жүргендері - 5 баласы екенін растады. Еш жерде жұмыс істемейтін 37 жастағы әйелге қатысты 6 әкімшілік іс қозғапты. Жергілікті  жұрт шахарда қайыр сұрайтындардың көбейгеніне алаңдаулы. Бірі аяққа оралса, енді бірі көлік қозғалысына қиындық тудырады дейді.

БЛИЦ:


- Ну по дороге это уже мошенники я считаю так что это просто те, кто не хочет работать.

- Мне кажется нужно как-то их контролировать. На самом деле ли попрошайки они неизвестно.


Жергілікті полицейлер мұндай азаматтармен күресуді бастаған. Рейдтік шаралар ұйымдастырыпты.  

Ақбота ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған фактке байланысты Алтын Орда базары маңында арнайы рейдтік шаралар жүргізілген. 12 тұлға ұсталып полиция бөліміне жеткізілді. Қайыр сұрап жүрген 37 жастағы азаматша әйел азаматша анықталды. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның нәтижиелерімен әкімшілік материал сотка жіберілетін болады.

Көп балалы ананы бүгін базар маңынан көп іздедік. Бірақ таба алмадық. Ол енді "Денені жарақаттау", "бұзақылық", "қоқыс тастау" және "қоғамдық орында тиісу" сынды әкімшілік баптарына сай қомақты айыппұл арқалауы мүмкін.  

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Жыл басталғалы Алтын Орда базарының маңынан 2 мың 400-ге жуық қайыршы ұсталған. Арасында қазақстан азаматтығы жоқ тұлғалар мен екі қайтара айыппұл арқалағандары да бар көрінеді.  

Ә. Лесбек