Русский Сайттың толық нұсқасы

Малшы атылған оқ пен жарылған снаряд астында мал бағып жүр

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2020
  • 3650

Батыс Қазақстан облысындағы әскери полигон жақын маңдағы шаруа қожалығының зәресін алып болды. Полигонмен қоңсы орналасқан кәсіпкердің сөзінше, жауынгерлер мылтық атқан сайын, малды тастай бас сауғалайды. Қаңғыған оқ тиіп кете ме деп қорқады. Мәселенің ақ-қарасын аймақтағы әріптесім Еркін Карин анықтап көрді.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Бұл археологтардың қазба жұмыстары кезіндегі олжасы – садақ жебесінің ұшы емес. Кәдімгі әскери полигонда атылған оқтар. Осы маңдағы малшының балалары асық жинамайды, мынадай оқ жинап ойнайды. Соңғы бірер күндегі олардың олжасы міне уыс толады.

Кәсіпкер: әскерилер атқан оқ пен жарған снаряд зәремізді алып, жүйкемізді жұқартты деп отыр.
Өйткені полигон мен қожалықтың арасы бар-жоғы екі шақырымнан сәл асады. Күндердің күнінде қаңғыған оқтың бірі тиіп, жазым қыла ма дейді.  

Ислам ДОСАНОВ, КӘСІПКЕР:

Таңертеңнен кешке дейін атады, кештен 12-1-ге дейін атады, светтің жарығымен де атады. БТР ма, танкі сияқты бірдемелер келеді, тарс-тұрс, соғыс болып жатқан сияқты. Солдаттарға айтамын: «Сіздер оқ ұшпайды дейсіздер, оқ ұшпайтын бола, өздеріңіздің шекаралаңызға солдаттарыңызды қойып қойыңыз. Солдаттар тұрсын сол жерде. Мен спокойно малымды жая берейін. Олай болмайды дейді, ол біреудің баласы, оқ тиіп кеткен жағдайда не болады дейді.

Ал, әскерилердің өз уәжі бар. Олар полигон 25 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын айтты. Шаруа қожалығы болса, 7 жыл бұрын құрылыпты. Соған қарамастан стратегиялық маңызы бар нысан аумағының қауіпті екенін жоққа шығармайды.  

Мэлс ДУЛТАБАЕВ, БҚО 5517 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ӨКІЛІ:

Малы құлап, ранение болып, үйі бұзылып жатса, вопрос жоқ. Согласно юридической стороны біз жауап береміз. «Закон о национальной гвардии» бойынша бұл жерде жер берілмеуі керек. Өйткені бұл опасно! Войсковой стрельбищенің радиусы 3 километр. Точка выстреладан 3 километр круговорот бізде түк болмауы керек. Енді қазір вопрос акимға. На каком основании аким в 2012 году выделил землю тому гражданину?

Бұл сауалды Теректі ауданының әкімдігіне жолдадық. Ондағылар 7 жыл бұрынғы әкімнің жасаған жұмысына жауап бере алмайтындарын айтты. Мәселеден хабардар атқамінерлер, шешуге қауқарсыз болып шықты.  

Гүлбаршын РАИШОВА, БҚО ТЕРЕКТІ АУДАНЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


«Досанов» шаруа қожалығын, ауданның басқа тұсына көшіру мүмкіндігі жоқ. Босаған жер телімдері туралы конкурсты күтуге тура келеді.


Амалы таусылған қожалық иесі жергілікті әкімдікті сотқа бермекші. Прокуратурағада шағымданды. Оқтың астында мал бағудың қаншалықты қауіпсіз екендігін тексеріп беруді сұрап отыр.

Е. Карин