Солтүстік Қазақстан облысында қытайлық індет белең алды. Мамандардың айтуынша, карантинге жабылған 3 ауданның стационарлары осы күннің өзінде жартылай толып қалыпты. Жұмабаев, Есіл және Мамлют аудандарынан жиыны 15 адамнан коронавирустық инфекция анықталған. Осыған байланыста аталған аудандарда карантиндік шаралар күшейтілді. Адамдардың жүруіне шектеу қойылып, аудандардың шекарасында бекеттер орнатылған. Қоғамдық көлік қатынасы да мүлдем тоқтатылды. Ал дүкен және тамақтану орындары кешкі сағат тоғызға дейін ғана жұмыс істей алады.
Зейнап БИКИНА, СҚО МАМЛЮТ АУДАНЫ БОЙЫНША ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Қазан айында Мамлют ауданында коронавирустың 21 жағдайы анықталды. Оның 16-ы Мамлют қаласының өзінен. Біздің аудан Қазақстан мен Ресейдің шекарасында тұрғандықтан карантиндік стационарға адамдар көп түсіп жатыр. 100 орынға шақталған нысанда қазір 58 науқас бар.
А. Құрманкин