Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы мұқтаж 100 мың отбасына қаржылай қолдау көрсетуді тапсырды

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2020
  • 3045

Мұқтаждарға "Біргеміз" қорынан 50 мың теңгеден қаржылай бір реттік көмек тағы жасалатын болды. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдап, осыны ұйымдастыруды тапсырды. Бұл жолы 100 мың отбасын қамтуды жүктеді.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Партияның орталық аппараты және біздің қызметкерлер үлкен жұмыс атқарды. Мен бәріне атқарған жұмысы үшін ризамын. Алда әлі шаруа көп.


Кездесу барысында праймериз нәтижелері талқыланды. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек дауыс беруге партия мүшелерінің 84,2 пайызы қатысқанын жеткізді. Тіркелген 10 мыңнан астам кандидаттың 36 пайызы қыз-келіншектер, 29 пайызы 35 жасқа дейінгі белсенділер, деді. Партияішкілік іріктеу нәтижесінде 20 мыңнан аса ұсыныс жиналған. Оның ішінде тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым, көлік, білім беру және денсаулық сақтау салалары бар.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ең көп алған дауыс алған 500 адамның ішінде қарапайым ұстаздар, дәрігерлер және қарапайым жұмыскерлер бар. Праймериздің арқасында 41 мыңнан астам жаңа адам партия мүшелігіне өтті. Соның 1 мыңы нақты праймеризге қатысып, әрбір төртінші азамат жеңіп кетті.

А. Мүтәлі