Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық қордың активтері тағы да қысқарды

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2020
  • 1771

Соңғы бір айда ел қазынасына түсетін кіріс күрт төмендеген. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бүгін Үкімет отырысында осыны жеткізді. Бас банкирдің дерегінше, бұған Covid-19 індетінің екінші толқынына дайындық қана емес, әлемдік нарықта алтын құнының төмендеуі де себеп болған. Қордағы ақша шамамен 1 миллиард 36 миллион долларға азайыпты.

Ерболат ДОСАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТӨРАҒАСЫ:
    
Ұлттық қордың активтері қорға түсетін түсімдер мен республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің бөлінуі арасындағы теріс айырманың әсерінен, сондай-ақ, пандемияның екінші толқыны болжануына байланысты бір айда 1,36 миллиард долларға қысқарып, 57,33 миллиард долларды құрады.

А. Мүтәлі