Русский Сайттың толық нұсқасы

Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2020
  • 3205

Бауыржан Байбек Тобыл-Торғай төріне ат басын тіреді. «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысып, ірі кәсіпорындарды аралады. Өңір тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелер көтерілді. Екі күндік сапар барысында партияның аймақтық сайлауалды бағдарламасының жобасы да талқыға түсті.

Бауыржан Байбектің жұмыс сапары Арқалықта басталды. Әуелі «Nur Otan» партиясының қалалық сайлауалды бағдарламасының жобасы талқыланды. Партияішілік праймериз барысында тұрғындар тарапынан нақты 117  ұсыныс түскен. Ең өзекті мәселенің бірі 13 елді-мекенді ұялы байланыспен қамтасамыз ету және интернет жылдамдығын арттыру.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Партия билеуші күш ретінде әділ,таза, ашық халықпен бірге болуымыз керек. Халыққа жақын екенімізді көрсетуіміз керек. Халықтың мұң-мұқтажын  біліп, сөзін сөйлеп мұңын мұңдауымыз керек. Сонда халық бізге сенеді.

Тұрғындарды толғандырған тағы бір түйткіл –жұмыссыздық. Мұндағы Торғай боксит кен басқармасы жабылудың алдында тұр. Демек 500-ге тарта адамды жұмыссыз қалу қауіп бар.  Сайлауалды бағдарлама аясында бұл мәселе партиялық бақылауға алынады. Жұмыссыз қалғандар өзге кәсіпорындарға орналасады. Мәселен, «Торғай Ет» өндіріс алаңында 120 адам екі қолға бір күрек тапқан.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Жаңа кәсіпорындарды  ашып, жалпы адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету керек. Әсіресе мына Арқалықта 30 мыңға жуық адам дәл қаланың ішінде тұратын болса, оның 30 процентін жұмыс орындарымен қамтамасыз  ететін шағын және орта бизнес. Сондықтан ең басты кезеңде шағын және орта бизнесті қолдауымыз керек.

Бауыржан Байбек Арқалықтағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жылумен қамту жүйесін жаңғырту жұмыстарымен танысты. Аймақтық аурухана ұжымымен кездесіп, ақ халаттылардың ахуалын сұрады. Партия Төрағасының бірінші орынбасары  сүт өнімдерін өндіретін «Олжа-Садчиков» серіктестігіне де барды. Ісі ілгері басқан фермада бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Сапар барысында Қостанай облысының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы да талқыға түсті.

Архимед МҰХАМБЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Елбасының «Қазақстанға тиімді корпорация ретінде қарайтын уақыты жетті» деген терең сөзін ұғына отырып біз 2020 жылы жаһандық сынақтарына қарсы тұрып, шикізат көздерінен тәуелділікті төмендету, индустрияландыру, шағын  және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту , әлеуметтік саланы дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді атсалысып келеміз.


Партия Төрағасының бірінші орынбасары өз сөзінде «Nur Otan» – нақты істердің партиясы, біздің сайлауалды уәделеріміздің барлығы тыңғылықты есептелуі тиіс» деген Елбасы сөзін тілге тиек етті. Нақты басымдықтарды көздейтін 5 жылдық бағдарламаны жүйелі жүзеге асыруға үндеді. Бауыржан Байбек өңірдегі екі күндік сапары барысында шаһар шетінде салынып жатқан модульдік инфекциялық аурухана құрылысымен де танысып қайтты.  

З. Санай