Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістандық шенеуніктер уәдесінде тұрмады

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2020
  • 2336

Түркістандық шенеуніктер сөзінде тұрмады. Бүгін «Astana Times» редакциясына хабарласқан қала тұрғыны Халима Қаюмова осылай деп шағымданды. Естеріңізге сала кетейін, осыдан 3 жыл бұрын Түркістан әкімдігінің бұрынғы қызметкері әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған пәтерлерді басқа біреулерге сатып жіберген еді. Ал бұл былықтан үй иелерінің өзі хабарсыз болып келген. Артынан соттасып, мәселе әлсіз топтағылардың мүддесіне шешілді. Алайда, Халима Қаюмова әлі күнге баспанасыз жүр. Ал түркістандық шенді болса, осыдан 4 ай бұрын біздің арнамызға берген сұхбатында мәселені жақынарада шешіп беремін деп уәде еткен еді. Сол уәдені қазір тағы бір еске салып, тындап алсақ.  

Әбутәліп АСАНОВ, ТҮРКІСТАН қ. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: (05. 06. 2020)

-Халима Қаюмоваға пәтерді босату бойынша сот орындаушыларымен келістік. Келесі дүйсенбіден бастап олар өз әрекеттеріне көшеді.
- Болмаса сіздер қазір әкімдік тарапынан көмектесіп, сот ісі соңына дейін жеткенше бір пәтер бере тұрсаңыздар?
- Жақсы, ол жағын қарастырамыз.


Амина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:  


Бірақ жауапты мекеме мәселені сол күйі шешпеген. Көрермендер бізге бүгін тағы хабарласып, "еститін үкіметтің" шенеуніктері, көмек бере алмай жатқанын айтып шағымданды.

Халима ҚАЮМОВА, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
26 сентябрь күні босатып беру керек болған. Одан кейін барсам прокуратураға, одан кейін сот орындаушыға барыңыз дейді. Бұл жерде мен білмеймін бір біріне сілтеп жатыр.  

Амина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:  

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін Түркістан қаласының әкімдігіне біз қайта хабарластық. Бізбен  мәселені шешуге уәде еткен Әбутәліп Асанов бар екен. Қайырлы кеш, Әбутәліп мырза!  Мәселе не себепті соншалықты созылып кетті?

   
Әбутәліп АСАНОВ, ТҮРКІСТАН қ. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Бұл жерде Қаюмова Халимованың баспанасы кезінде Ибраева деген азаматшаға беріліп кеткен. Ол жөнінде біз 2019 жылдың қараша-желтоқсан айында мәжбүрлеп шығару жөнінде сот шешімін шығарған болатын. Одан бөлек, бұдан былай Ибраева аппеляциялық сотқа берді.  Алайда, апепеляциялық сот мәжбүрлеп шығару жөнінде сот шешімін күшінде қалдырған болатын.  

Амина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Әбутәліп мырза, сіздіҢ осы мәселені аяғына дейін жеткіземін деп қызметіңізден төмендетіліп кеткеніңізді естідік. Сол рас па?

Әбутәліп АСАНОВ, ТҮРКІСТАН қ. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Иә кезінде 2019 жылдың соңғы сот шешімі шыққаннан кейін осы азаматшаларға пәтер иелерін қайтару жөнінде өз тарапымнан ауыз судан, электро қуатынан заңсыз кіріп алған азаматтарды ажырату жөнінде ұсыныс берген болатынбыз. Су беруші, электр қуатын беруші мекемелер.
 
Амина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:
 
 Жақсы. Түсінікті. Енді бұл мәселе түбінде шешіле ме өзі?

Әбутәліп АСАНОВ, ТҮРКІСТАН қ. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Қазіргі таңда мынау пандемия, мынау төтенше жағдайға байланысты сот орындаушылардың тарапынан тоқтап тұрған болатын. Қазір бір айдың көлемінде. Сот орындаушылардың тарапынан жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір біз осы бойынша прокуратураға да, әділет басқармасына да хат жолдадық. Осыны жылдамдатып, ертерек пәтерді босату жөнінде.

Амина ЖҰМАМҰРАТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Жақсы, сұхбатыңызға рақмет! Халима Қаюмова таяуда өз үйіне кіреді деп сенейік. Ал біз мәселені шешкенше бақылауда ұстайтын боламыз. Құрметті көрермен, егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс номеріне хабарласыңыз! Төтенше жағдай мен түрлі заңсыз оқиғалардың куәсі болсаңыз, видео-аудио жолдауыңызға болады. Әрбір толғандырған сауалдың жауабын  сізбен бірге тікелей эфирде іздейтін боламыз!


А. Мүтәлі