Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапары барысында бірқатар тапсырмалар берді

  • AstanaTV
  • 20 қыркүйек 2017
  • 2759

Алматыдағы екінші жылу электр станциясын газға көшіру 2020 жылға дейін аяқталып, жеке сектор көгілдір отынмен қамтылуы тиіс. Алматыда жұмыс сапарымен жүрген мемлекет басшысы осындай тапсырма берді. Елбасы шаһарда ауаның ластануы 20 пайызға азайғанын атап өтті. Ахуалды жақсарта түсу үшін, "Самұрық-Қазына" қоры мен қала әкімдігі бірлесіп қимылдауы тиіс, деді. Осыдан үш жыл бұрын құрылған Наурызбай ауданындағы инфрақұрылымның даму барысымен танысты. Ауданда бірнеше әлеуметтік мекеме есігін айқара ашқан. Жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтан бөлек, 2 мектеп, 3 емхана мен 33 балабақша халық игілігіне берілді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Халық көбейіп келе жатыр. Халық саны артқан сайын, аудан болған соң халыққа қызмет көрсету ісі жақындайды. Қалай дейсіздер, не айтасыздар? - Енді біздегі ең маңызды нәрсе, мына Абай даңғылын тездетіп шешіп берсе. Қаланың орталығына жету қиын. - Мен де байқадым, келе жатқанда, қала орталығына жету оңай емес екен.

Президент шаһардағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. Панфилов көшесімен көлік қатынамайды.Тек жаяу жүргіншілер жүреді. Қабанбай батыр мен Жібек жолы көшесінің арасын жалғайтын дәліз тұрғындардың серуендеуіне қолайлы. Сәулетшілер көшелерге өткен ғасырдың 30-шы жылдары төселген табиғи тастарды сақтап қалуға күш салған. Президент «Арбатқа» дейін жаяу барып, жаңғыру жұмыстарымен танысты. «Астана» алаңындағы автотұрақтардың орнына жаңа су бұрқақтар пайда болып, тұрғындар мен қала қонақтарының кең тыныстауына жағдай жасалғанын  көрді.