Русский Сайттың толық нұсқасы

Шолпанда тіршілікке қолайлы газдар табылды

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2020
  • 1805

Шолпанда тіршілік болуы мүмкін. Бұл- үндіс ғалымдарының болжамы. Батыс Бенгалиядағы Миднапур колледжі ғалымдары радиотелескоп арқылы Шолпанның ортаңғы қабатын қарап отырып осындай тоқтамға келіпті. Олар, Венера бетінен глицин аминақышқылын тапқан. Ғалымдардың тұжырымы абыройлы "arXiv" порталында жарық көрді. Мақала авторының пайымдауынша, глицин аминақышқылында қарапайым молекулалар химиялық эволюцияға ұшырап, тіршілік көзіне айналатын көрінеді. Яғни, Шолпан атмосферасында тірлік болуы әбден мүмкін. Бұл, "Шолпанда өмір бар" деген алғашқы болжам емес. Қыркүйек айында ғана Массачусетс пен Кардифф ғалымдары, Венера бұлттарынан фосфин анықталған болатын. Ол да өмірге қолайлы газдың бір түрі көрінеді.


Д. Мұхаммедкәрім