Русский Сайттың толық нұсқасы

Мексикада зілзала құрбандарының саны 248 адамға жетті

  • AstanaTV
  • 20 қыркүйек 2017
  • 3498

Мексикада жер сілкінісінен мерт болғандар саны 248 адамға жетті. Бұл туралы елдің апаттық-құтқару қызметінің басшысы мәлімдеді. Құрбандар әлі де көбеюі мүмкін. Әрбір 20 минут сайын үйінділер астынан мәйіттер шығарылып жатыр. Құтқару жұмыстары дамылсыз жүргізілуде. Мемлекет астанасы Мехикода төтенше жағдай жарияланған. Рейтерстің хабарлауынша, зілзаладан келген шығын орасан. Көптеген ғимараттар қирап қалды. Арасында мектеп те бар. Зілзала кезінде білім ордасында сабақ болып жатқан. Опат болған балалар саны 30-ға жуықтайды. Жер сілкінісінен жарақат алған жандарды емдеу орындары тәулік бойы қабылдап жатыр. Ел президентінің сөзінше, миллиондаған тұрғын жарықсыз отыр.

Энрике Пенья Ньето, Мексика президенті:

Ең алдымен, құтқару жұмыстарын жалғастырып, медициналық көмек көрсетуіміз керек.  Мехикодан бөлек, төтенше жағдай Пуэбло мен Морелос штаттарында да енгізілді. Әскерилер де қол ұшып созып, зардап шеккендерге көмектесуде. 

Жер сілкінісі осымен екінші жер орын алды. Жетінші қыркүйекте болған зілзаладан 200-дей адам мерт болған еді. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі берген ақпаратқа сай, Мексикада зардап шеккен қазақстандықтар жайлы қандай да мәлімет жоқ. Барлық ақпараттар жіті тексерілуде.