Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда 26 жасар келіншекті ұрып соққан жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 19 қазан 2020
  • 2142

Әлеуметтік желіні шулатқан тағы бір жағдай Павлодардан тіркелді. Мұнда, 26 жастағы келіншек жүріп жүрген жігітінен таяқ жеп, зорлық көргенін айтқан. Бірақ полиция жігітке қарсы қылмысты іс қозғамапты. Өйткені, қыздың өзі арызданудан бас тартыпты. Шым-шытырман оқиғаны тілшіміз Өзгеріс Қуанар тыңдап қайтты.

Бұл оқиға қазанның 11-і болған. Нан алуға шыққан келіншекті, жүріп жүрген жігіті жалдамалы пәтерге алып кетіпті. Артынан жәбір көруші ол жерден қашып шығып жедел жәрдем шақыртқан көрінеді. Алайда, жігіт оны дәрігерлер көлігінен де алып кеткен. Келіншек, жігітінен екі күн зорлық көріпті.

Дина СМАЙЫЛОВА, «НЕ МОЛЧИ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазанның 14-де  түнгі уақытта келіншек дауыстап көршілерден көмек сұраған екен. Көршілері полиция шақырыпты. Қылмыскер есікті ашпаған соң, оны бұзуға тура келген. Жәбірленуші полицейлерге мұны алдында бірнеше мәрте осылай ұрланғанын және зорлық көргенін айтыпты.

"Не молчидің" сөзін полиция теріске шығарып отыр. Сөздеріне сенсек, оқиға басқаша өрбіген. 26 жастағы келіншек жалдамалы пәтерге өз еркімен барған және полицияға арызданудан бас тартқан. Бұл бейнежазба полицияда тіркелген.

Осылайша, жәбірленуші шағымданбапты. Ал, артында тұрып "Арыз жаз", деген қыздың анасы көрінеді. Осыдан кейін барып полицияда іс тіркелген.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 126-шы және 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Сараптама жасалып, істің мән-жайы анықталып жатыр.

Дәрігерлер болса, "Келіншектің қазір жағдайы жаман емес", деп отыр. Жақында ол ауруханадан шығады екен.

Самат ҚҰСАЙЫНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ №1 АУРУХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Жағдайы қалыпты. Ертең ауруханадан шығады. Қалған емді тұрғылықты жері бойынша емханадан қабылдайды.

Жәбірленушінің анасы сұхбат беруден бас тартты. Мән жайды қыздың өзінен де біле алмадық. Белгілісі, келіншектің осы жігіттен 7 апта бұрын жүкті болып қалғаны. Бұдан бөлек оның кәмелеттік жасқа толмаған тағы екі баласы бар екен.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Жалдамалы пәтерде жанжалдың неден шыққаны белгісіз. Мұны енді сот анықтайды. Күдікті жігіт осы уақытта қамауда отыр. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ө. Қуанар