Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана» халықаралық қаржы орталығы криптовалютаның айналымын реттейтін заң жобасын ұсынбақшы

  • AstanaTV
  • 20 қыркүйек 2017
  • 1989

«Астана» халықаралық қаржы орталығы екі ай ішінде криптовалютаның айналымын реттейтін заң жобасын ұсынбақшы. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен басқосуда орталықтың цифрлық технологиялар жөніндегі директоры Әсел Жиенбаева мәлімдеді. Айтуынша, құжатты дайындау  басталып кеткен. Қазір бұл жоба бойынша қазақстандық және шетелдік сарапшылар жұмыс істеп жатыр. 

Әсел  Жиенбаева, «Астана» халықаралық қаржы орталығы цифрлық технологиялар жөніндегі директоры:

Криптовалюталар жеке және ұлттық болып бөлінеді. Біз екі нұсқасын да қарастырып отырмыз. Жеке криптовалюталар: биткойн, эфириум және басқаларын бақылайтын боламыз. Ұлттық криптавалютарға қатысты біршама ұсыныстарымыз да бар. Қазан айының аяғында немесе қарашаның басында сынақтарды бастайтын боламыз. 

Халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов келешекте ЭКСПО аумағы нағыз криптоалқапқа айналуы әбден мүмкін екенін жариялады. Осы мақсатқа жету үшін шетелдік компаниялар мен криптоэкономика саласының мамандарын тартуды жоспарлап отыр.

Қайрат Келімбетов, "Астана" халықаралық қаржы орталығының директоры:

Әлемде үлкен қызығушылық бар. Бірнеше банктер осы бағытты қолдап, басқалары мұқият зерттеп жатыр. Швейцария оң көзқарас танытса, Жапония кейбір криптовалюталарды төлем құралы ретінде пайдалана бастады.